{metadescription}
Үлкен спортқа жолашар
Үлкен спортқа жолашар

Үлкен спортқа жолашар

Алматыда сабақпен бірге спортты қатар алып жүрген оқушылар арасында республикалық спартакиадаға іріктеу өтті. Бұл жарыстың ерекшелігі сол  мұнда жеңіске жеткен ұл-қыздар болашақта халықаралық олимпиадаға қатысуға мүмкіндік алады.  

Мықты спортшыны мектеп қабырғасынан тәрбиелеп шығаруды көздеген  «Sport Fest Kazakhstan» спартакиадасы бірнеше бағыт бойынша бәйге ұйымдастырды. Олар жастар қызыға ойнайтын футзал, баскетбол, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ сынды ойындар. Сондықтан болар, іріктеу өте тартысты өткізілді. Жеңіске ұмтылған оқушылар барынша оқтай қимылдады. Жалпы спартакиадаға 200-ге жуық ұл-қыз қатысқан. Жеңгендері республикалық бәсекеге жолдама, әрі болашақта байрақты бәсекелерге қатысуға мүмкіндік алады.

Сұлтанмахмұт Шоқпытов, Алматы қаласы мектеп спорты федерациясы төрағасы:

-Салауатты сал өміріне жұмылдыру және де көптеген жаман әдеттерден тыйылу. Оның ішінде, әрине, осындай жарыстардан, біздің ойымызша, жаңа таланттар, оқушылардың қабілеттерін тәрбиелеп, әрі қарай, мысалы, болашақта үлкен спортқа да жол ашамыз ба деген ойымыз бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.