Ақмола облысында лауазымды шенді түрмеден айыпұлмен құтылды
Түбеков түрмеге тоғытылмайды! Ақмола облысында Атбасар аудандық Ішкі істер бөлімінің бұрынғы бастығы Шамсиддин Түбеков абақтыдан айыппұл төлеп құтылмақ. Шенді полицей былтыр қазан айында пара алып жатқан жерінде ұсталған болатын.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
26.02.2018
Ол астық қабылдау пунктінің директорынан 400 мың теңге ауызбастырық сұратыпты. Сол үшін «Лана» астық қабылдау мекемесінің директоры Шайкенов мырзаға «Көші қон» заңын бұзғаны үшін әкімшілік іс қозғамауға уәде берген. Сот ауданның бас полицейіне мемлекетке 23 миллион теңге қайтару жазасын белгіледі. Сөйтіп, 4 ай бойы тергеу абақтысында жатқан Түбеков сот залынан бостандыққа жіберілді. Сондай-ақ оны өмір бойы мемлекеттік органдарда қызмет істеу құқығынан және полиция подполковнигі шенінен айырды. Пара беруші де сытылып кете алған жоқ. Қамба директоры Ермек Шәйкенов мемлекетке 12 миллион теңге төлеуге міндеттелді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!