Тікелей эфир: Алматы облысында үйлері су астында қалған жұртқа әлі көмек жетпеген
Алматы облысында көктемнің лебі біліне бастағаны сол еді, қызыл судың да әлегі қатар кеп жатыр. Мұнда соңғы екі күнде 200-ден астам үйді су басты. Статистика тіпті сағат санап өсіп жатыр. Ал төтенше жағдай қызметі болса, тасқынның алдын алу шаралары жоспардағыдай жүзеге асып жатқанын айтады. Бірақ, көпшіліктің көңілі бұл жұмыстарға толмай отыр. Құтқарушылардан да, әкімдіктен де көмек ала алмаған тұрғындар амалсыз өз ақшаларына құм төсеп әлек.
26.02.2018
Қызыл судың зардабын тартқан осындай бір елді мекен - Алматы іргесіндегі Көкқайнар ауылынан əріптесім Асқарбек Қазанғап тікелей байланысқа шыққалы тұр. Асқарбек сәлем. Қазіргі жағдай қандай?
• Қайырлы күн! Күн жылынып, қар ерігелі тұрғындардың мазасы кеткен. Ауыл көшесінде қоныштан келер мынадай суда резеңке етіксіз жүру мүмкін емес. Аққан су үйлерді басып, іргелерін үгітіп жатыр. Жергілікті əкімдіктен қайыр болмағаннан кейін, адамдар өз ақшаларына құм төсегенін айтады. Бірақ, одан жағдай толықтай оңалған жоқ. Тасқынға тосқын болмаса баспаналары опырала ма деп қауіптенеді. Ашыбұлақ ауылының тұрғынын əңгімеге тартсақ. Мүндай жағдай жылда болатын ба еді? Əлде тек биыл осындай əбігерге салып жатыр ма?
• Бұл тек Ашыбұлақ ауылының басындағы жағдай емес. Алматы іргесіндегі бірнеше ауыл да лай судан келген қауіптен қалай құтыларын білмей отыр. Биыл былтырғыға қарағанда қар қалың түсті. Ақпанның аяғы сондықтан көпшілік үшін əбігерге айналды.
• Облыстық төтенше жағдай қызметінің мəліметінше соңғы екі күннен бері 200 ден астам үйді су басқан. Жағдайды реттеуге 60 техника жұмылдырылған. Тасқынның қарқыны қатты. Екі тəуліктен бері 407 мың текше метр су сорылғанмен, əзірге саябырсымай тұр.
Азамат Жұртбаев, Алматы облыстық ТЖД баспасөз хатшысы:
- Кей жерлерде арықтардың тазаланбауына байланысты үйлердің аулаларына су кіру фактілері тіркеліп отыр. Қазір Алматы обл.ТЖД мен жергілікті атқарушы орган каналдарды тереңдетіп, су кірген аулаларды тазарту жұмыстары атқарылып отыр.
• Жылда еріген қардың зардабын көретін тұрғындар жергілікті əкімдіктердің жауапсыздығынан мезі болған. Дабыл қағылып, тасқынға тосқын болар шара алдын ала қабылданбаса, ертең кеш болады дейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!