{metadescription}
Кітапханаға көмек
Кітапханаға көмек

Кітапханаға көмек

Тұңғыш президенті қоры Қызылжардағы ең көне кітапханаға 3 миллион теңге сыйға тартты. Бұл қаражатқа мекеме су жаңа компьютерлер сатып алатын болады.  

80-жылдық тарихы бар Сәбит Мұқанов атындағы кітапханаға бұл таптырмас көмек. Өйткені, кітапханаға келушілер де, кітап қоры да мұнда өте көп. Енді оқу залының қызметкерлері оларды оп-оңай компьютерге енгізіп, студенттерге көптеген мәлімет ұсына алады. Тұңғыш президент қоры күндерін Қызылжарда атап өткен қор қызметкерлері студенттермен де кездесіп, оларға Елбасы қорының қомақты грант пен стипендияларына қол жеткізудің жолдарымен бөлісті. Әрі қазір көп қызығушылық туғызған блокчейн және басқа да IT-технологиялар жайлы арнайы шеберлік сабақтарын өткізді. Айтулы шара әдеттегідей үлкен концертпен аяқталды.      

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде