{metadescription}
Өскемендегі трамвай паркінің басына қара бұлт үйірілді
Өскемендегі трамвай паркінің басына қара бұлт үйірілді

Өскемендегі трамвай паркінің басына қара бұлт үйірілді

Энергетиктерге 70 миллион теңге қарыз болып қалған кәсіпорын енді өз көліктерінің бағыты мен уақытын қысқартуға мәжбүр. Өйткені жарық жеткізетін компания трамвай депосына берілетін электр энергиясына шектеу қойып отыр.  

Трамвай депосы басшылығының айтуынша,  подстанциялардың біріне жарық беру толығымен тоқтатылыпты. Енді сол бағытта көліктер мүлде жүрмей қалған. Басқалары да бүгін-ертең тоқтан ажыратылуы мүмкін. Егер жолаушы тасымаса, депоның қарыз жабатын ақшаны қайдан алары белгісіз. Десек те, бұл жағдай тұрғындарға қиындық туғызбаған көрінеді. Әкімдік трамвайлардың орнына дәл сондай бағыттармен автобустар жіберіпті.  «ШығысЭнергоТрэйд» компаниясы жолаушы тасымалдайтын кәсіпорынды былтырғы қарашада-ақ тоқтан ажыратпақ болған екен. Бірақ  сол жолы тараптар мәмілеге келген. Ал осы жолғы дауға депо басшылығы өздеріне араша түспегені үшін әкімдікті айыптады.

Анатолий Успенский, трамвай паркінің директоры:

-Бәрін әдейі істеп отыр. Өткен жолы қаладағы жолаушы тасымалдайтын компаниялардың бірі де салық бойынша дәл осындай жағдайға ұшырағанда,  прокуратура араласып бұл дауды шешіп берген. Әкімдік те көмектесудің орнына біздің бағыттарға автобус жіберіп,  жағдайды одан сайын ушықтырып жатыр. Меніңше бұл – рейдерлік әрекет.      

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде