Қарағандыда тіс емханасында 1 жарым жастағы бала көз жұмды
Тісін емдетуге ата-анасы клиникаға әкелген ол наркоздан кейін есін жинай алмаған.
Автор: Саят Сабдалы
26.02.2018
Семен Арзамацевтің ата-анасы Қарағанды облысында келісім-шартпен қызмет етіп жүрген Ресей қарулы күштерінің әскерилері екен. Яғни олар көрші елдің азаматтары. Жеке клиникаға тісін жұлдыруға әкелген сәбидің санаулы уақытта-ақ демі үзіліп кеткен. Айтуларынша анастезиолог балада дәріге аллергияның бар-жоғын анықтамай наркоз салған. Бір қызығы, 2 жыл бұрын дәл осы анастезилогтың наркозынан кейін 13 жастағы жеткіншек көз жұмған. Ол бойынша қозғалған іс әлі сотқа жетпегендіктен, дәрігер әлі өз қызметінде жүр екен.
Ольга Смирнова, Қарағанды облыстық қоғам денсаулығын қорғау депатраменті басшысының орынбасары:
- Ол іс бойныша тергеу бітпегендіктен оның сертификаты алынбаған. Оны тек тергеу және сот орындары шешеді. Ал мына іс бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Кешенді тексеріс жүргізіп, қорытындысын тергеу орындарына жолдаймыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!