Қазақ пен вьетнам кәсіпкерлері бизнестерін бірлесіп дамытпақ
Екі мемлекеттің бизнес өкілдері кездесуінің түйіні осыған тоғысты.
Автор: Асқарбек Қазанғап
27.02.2018
Вьетнам үкіметі қазақстандық кәсіпкерлерге сенім білдіру мақсатында «Халықтар достығы» медалін табыстады. Бұған дейін мұндай марапат тек Жапония мен Оңтүстік Кореяға берілген. Инвесторлар жеңіл өнеркәсіп, азық-түлік саудасы, фармацевтика бағытында әріптестік орнатуға қол қойды. Вьетнамдықтар еліміздің ұны мен бидайына қызығушылық танытып отыр. Өйткені, логистикалық мүмкіндіктеріміз екі жақ үшін де тиімді болмақ.
Оралбек Ботбай, кәсіпкер:
-Айта кетсек бұл біздің Қазақстанға өте үнемді, Вьеитнам еліне де үнемді. Бұлар бұған дейін мұхитпен теңізбен Питер қаласына 16-17 күнде жеткен. Ал екі жыл бұрын соғылған Қазақ-Қытай порты арқылы шекарадағы Қорғас станциясына 4-5 күнде жетеді екен. Оның үстіне бағасы да пайдалы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!