{metadescription}
"Дегдар қоры" ауыз судың тауқіметін тартқан жұртты қуантты
"Дегдар қоры" ауыз судың тауқіметін тартқан жұртты қуантты

"Дегдар қоры" ауыз судың тауқіметін тартқан жұртты қуантты

Ақмола облысындағы Сандықтау балалар үйінің тәрбиеленушілері таза су ішетін болды. Тіршілік нәрін тазартатын қондырғымен қоса, оны ысытатын аппарат та орнатылды. Бұл осы мекемеде көптен бері шешімін таппай келе жатқан түйткіл болатын. Сондай-ақ Дегдар қайырымдылық қоры әперген су жаңа 12 хоккей формасы мен жабдықтарын көргенде балалардың қуанышында шек болған жоқ. Бұған дейін олар мұз айдынына екі команда болып ескі киіммен шығып жүрген.

-Аталған қор балалар үйіне жаңа жылда ағаш өңдейтін 7 станок сыйға тартқан болатын. Мүмкіндігі мол осы құрылғылармен балалар аз уақытта мынадай ағаш бұйымдарын жасап үлгерген екен. Осы станоктар алынғалы балалардың қол өнеріне деген қызушығылығы арта түсті дейді ұстаздары.

Теледидардан көргені болмаса, кәсіби ойыншылар киетін хоккей формасын киіп көрмепті. Тіпті, қайсысын қалай киерін білмей жаттықтырушысымен жабылып, өлшеп мәз-мейрам. Дәл мұндай сыйлықты күтпесе керек. Конькиі мен таяғы да, шайбасы да бар екен. Тіпті бәрін бойларына шақтап әкелгендей, әрқайсысы өз өлшемін алып киіп жатыр.

Дмитрий Санников, Сандықтау балалар үйінің тәрбиеленушісі:

-Мұндай киімді бірінші рет киіп тұрмын. Бізде спорттан  көп жетістігіміз бар. Енді хоккейді де беріліп ойнаймыз. Бұрын қызығушы едім , тіпті өлшеп көргім келетін. Маған тіккен сияқты қуанып тұрмын.

 «Дегдар» гуманитарлық қайырымдылық қоры жеткіншектерге арнайы киімнің ауадай қажет екенін алдын ала біліп алған.

Жанат Сексенбаев, «Дегдар»гуманитарлық қайырымдылық қорының үйлестірушісі:

-Осы жолы біз балалар үйіне ең қажет деген дүниелерді әкелдік. Әрине,алдын ала мекеме басшысымен ақылдастық. Мынау хоккей киідері өте сапалы. Балалар қатты қуанғаны сонша, қараңыздаршы, тіпті біздің тұрғанымызды ағармай ойнап жатыр.

Балалар үйіне ең қажеттісі – «Дегдар» әкелген су жүйесін тазарту құрылғысы. Бұған дейін 60 тәрбиеленушісі бар мекемеге тазартылған тіршілік нәріне арнайы мемлекеттік тапсырыс беріліп, қаражат бөлініп келген. Жылына 6 мың литр су сатып алатын екен. Сондай-ақ, осы жолы қор оларға 150 литрлік су жылытатын бойлерды  сыйға тартты. Бұл құрылғылар балалар үйінің жанындағы жазғы лагерьлерге орнатылмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.