{metadescription}
Тікелей эфир: Тасқын астында қалған Ұзынағаштағы жағдай ушығып барады
Тікелей эфир: Тасқын астында қалған Ұзынағаштағы жағдай ушығып барады

Тікелей эфир: Тасқын астында қалған Ұзынағаштағы жағдай ушығып барады

Ал Алматы облысында еріген қар суы елдің есін алды. Бұл жолы Ұзынағаш ауылы тұрғындарынан маза кеткен. Жағдайды түннен бастап тоқтаусыз жауған жауын ушықтырып жіберіпті. Су мұнда қазір көше бойымен өзен боп ағып жатыр. Қазір Ұзынағашта біздің тілші Аруна Ортай жүр. Аруна, су басқан ауылдың жағдайы туралы айтып берсең?

Төрт күннен бері сумен алысқан Ұзынағаш тұрғындары бүгін тіпті тасқын астында қалды. Түннен бастап тоқтаусыз жауған жауын жағдайды ушықтырып, жұртты күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырған.

Көше бойымен өзен боп аққан су қоршауды жарып өтіп үйлерге кіріпті. Қатын, бала-шағаға дейін қолға күрек алып, құм төгіп, əлі жетпесе де қызыл сумен алысып жатыр.

- Үйін су басқандардың бірі- Марта Сайлауова. Шиеттей 4 баласы бар келіншектің жағдайы қиын. Өйткені, отағасы жұмыспен жол жүріп кетіпті. Ал ағын сумен жалғыз өзі алысып жүр.

Кеше ғана Алматы облысы бойынша 200 дей үй  астында қалды делінген. Ал бүгін зардап шеккендердің саны 300-ге жуықтап отыр. Ал сол кеше күшейтілген режимде жұмыс істеп жатырмыз деген төтеншеліктерді мұнда көре алмадық. Тек құм тасыған бір жүк көлігі жүр. Арық жүйесі ауылда жоқ емес бар. Бірақ оның өзін су басып қалған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде