{metadescription}
Тікелей эфир: Президенттің пәрменінен соң Үкімет бір күнде қазақша сайрап кетті
Тікелей эфир: Президенттің пәрменінен соң Үкімет бір күнде қазақша сайрап кетті

Тікелей эфир: Президенттің пәрменінен соң Үкімет бір күнде қазақша сайрап кетті

Премьерден бастап, оның нөкерлеріне дейін бүгін тек бір-бірімен мемлекеттік тілде сөйлесті. Бұл Үкіметтің жиынында министрлер мен әкімдер баяндамасын тек қазақша алғаш жасауы. Бірақ, әп-әдемі басқосудың шырқын бұзғандар да бар.

-Сонымен, президенттің тапсырмасын бір түнде орындаған Үкімет мүшелерінің қазақшасы қалай?

Иә, әдетте баяндамасының басын ғана қазақша бастап, әрі қарай орысша судырата жөнелетін шенеуніктер бүгін 180 градусқа өзгеріп сала берді. Баяндамаларын бастан-аяқ мемлекеттік тілде жасады. Мәселен, алғашқы болып мінберге Инвестиция және даму министрі көтерілді. Жеңіс Қасымбектен кейін Энергетика министрі Қанат Бозымбаев та тілі күрмеліп, қиналса да баяндамасын соңына дейін қазақша оқып шықты.  Бірақ, кезек өңірлерге келгенде таза қазақша өтіп жатқан жиынның шырқын Ақмола облысының әкімі бұзды. Интернет арқылы экраннан байланысқа шыққан Мәлік Мырзалин бір-екі сөйлемді мемлекеттік тілде айтып, әрі қарай үйреншікті әдетіне басты.

МӘЛІК МЫРЗАЛИН, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

-257 миллиард инвеститция және өңдеу өнеркәсібіне 6,2 пайыз өсумен 30 миллиард тартылды. Жоспарлаған индикаторларға қол жеткізілді. В области действует совет по привлечению инвесторов и инвеститционного климата.

Жалғыз Мәлік Мырзалин емес, Білім министрі де ерекше көзге түсті.

Өйткені Ерлан Сағадиев білім саласындағы кезекті реформаларды айтып жатып, сөзіне орысшаны араластырып жіберді.

ЕРЛАН САҒАДИЕВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ:

-3-ші,6-шы және 8-ші сыныптардың оқулықтары дайын. Енді экспертизадан өтіп, қоғамдық бағалау порталына шықты. То есть мы купили банеры на популярных сайтах и разместили на них общественную экспертизу учебников на ссылку направили всем трех ста тысячи  учителей.

Ал, өзге шенеуніктер премьер Бақытжан Сағынтаевтан бастап 100 пайыз мемлекеттік тілде сөйледі. Жалпы министрлердің бір күнде бұлайша аяқ-асты қазақша сайрауы бекер емес. Кеше Елбасы Парламент пен Үкіметтегі жиындарды тек мемлекеттік тілде өткізуді тапсырған болатын. Жақсы бастама орта жолда аяқсыз қалмай ма? Ана тіліне шорқақ министрлер тілін қалай сындырмақ? Бұл туралы 18-30-дағы қортынды жаңалықтарда! 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.