{metadescription}
Назарбаевтың жаңа кітабы жарыққа шықты
Назарбаевтың жаңа кітабы жарыққа шықты

Назарбаевтың жаңа кітабы жарыққа шықты

Халықаралық конференция «Тәуелсіздік дәуірін» сөз етті. Көршілес мемлекеттерден келген тарихшылар Елбасының жаңа кітабын талқылап, оның тарих ғылымындағы маңызына баға берді.

Серік Бейсембаев, Тұңғыш Президент қоры әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы:

- «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы бұл соңғы 27 жылда барлық маңызды кезеңдерін қамтып, оған өзіндік баға беру. Қабылданған шешімдердің саяси, идеологиялық астары, жалпы адами түсінікпенен қарау. Және менің ойымша, бұл кітаптың маңыздылығы да, қажеттілігі де осында.

Халықаралық ғылыми конференция Елбасының жаңа кітабында айтылған Тәуелсіздік жылдарындағы ел дамуының тарихи кезеңдері сөз болды. Айта кетейік, Мемлекет басшысының «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабы былтыр желтоқсан айында басылып шыққан блатын. 4 бөлім, 31 тақырыпша, 506 беттен тұратын толымды еңбек 2 тілде жарық көрген. Ресей, Беларусь, Украина, Әзірбайжан мен Өзбекстан және Қырғызстаннан арнайы келген тарихшылар қазіргі заманғы тарих ғылымдарының өзекті мәселелері мен ұлттық тарихи мектептердің ерекшеліктерін талқылады. Конференция аясында Ресей мен Қазақстан тарихшыларының бірлескен жұмыс тобы меморандумға қол қойды.

Михаил Липкин, Ресей ғылым академиясының профессоры:

-Ортақ тарих ешқашан жойылмайды. Қазір екі бөлек елміз. Әр ел түрлі бағдарламалар арқылы өзінше тарих мектептерін қалыптастырып, маман даярлауға жете көңіл бөліп жатыр. Сондықтан, өзара байланысты әлсіретіп алмас үшін осындай конференциялар жиі ұйымдастырылып тұруы керек. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.