{metadescription}
Ақтөбеде екі рет содырға тұрмысқа шығып, бағы ашылмаған келіншек туралы спектакль қойылды
Ақтөбеде екі рет содырға тұрмысқа шығып, бағы ашылмаған келіншек туралы спектакль қойылды

Ақтөбеде екі рет содырға тұрмысқа шығып, бағы ашылмаған келіншек туралы спектакль қойылды

Қойылымның бас кейіпкерінің бірінші күйеуі Сирияда соғысып жүріп қайтыс болса, кейінгі жолдасы екі жыл бұрын Ақтөбеде болған лаңкестік оқиғаға қатысқан. Сол үшін өмір бойына түрмеге қамалды. Содырлардың осылайша маңдайының соры болып жабысқанын келіншек сахнаға шығаруға келісімін береді. «Үлкен сұрақ» деп аталатын сол спектакльдің премьерасын көруге бас кейіпкердің прототипі де келді. Бірақ ақырына дейін көруге шыдай алмай залдан қашып шығыпты.

-Болған оқиғаның желісімен қойылған «Үлкен сұрақ» атты спектакль Ақтөбеде аншлагпен өтті. Залдағы көрерменнен гөрі, сыймай сыртта қалғандар көп болды. Жұртты 22 жасында екі рет содырға тұрмысқа шығып, бағы ашылмаған жерлестерінің тағдыры қызықтырса керек.

Бас кейіпкер түрін көрсетпесе де, тағдыр тауқыметінен түңіліп кеткенін жасырмайды. Бірінші күйеуі Сирияға соғысқа аттанып, сонда қайтыс болған. Кейін жанындағы жат ағымның жетегінде кеткендер үгіттеп жүріп екінші рет некесін қидырады. Ол күйеуі де экстремист болып шығады. Екі жыл бұрын Ақтөбеде 2016 жылғы маусымда болған лаңкестік оқиғаға қатысып, қазір өмір бойы бас бостандығынан айырылған.

Бас кейіпкердің прототипі: 

-Сестра, брат, бауырлар неке қи. Бұлай болмайды.  Шахидтің әйелісің деді бәрі. Екінші жолдасым терактінің арасында кетіп қалған. Оны мүлдем күткен жоқпын ол адамнан.   

Теологтарға бұл келіншектің бетін қайтару оңайға соқпаған. Бір жарым жыл үгіттеп, жат ағымның ортасынан әрең шығарып алыпты. Кейін өзгелерге де сабақ болсын деген ниетпен оның өмірін сахналауға келісімін алады. Тіпті, спектакльді көруге келіншектің өзі барып, ақырына дейін көруге шыдамы жетпеген.   

Жандәулет Сүлейменов, «Аңсар» орталығының жетекшісі:

-Сенің басыңнан өткен ауыртпалықты екінші сенің сіңілілерің қайталамас үшін осындай бір дүние жасайық деп ұсыныс  білдіргенбіз. Әрине, оған ол келісті. Қойылымның барысында өзі де келісті. Соған келіп қатысқан болатын. Өз оқиғасы болғаннан кейін көп шыдай алмай, ортасында көз жасына ерік беріп, шығып кетті.

Режиссер дінге қатысты туындыны сахналауда біраз қиналыпты. Сондықтан үнемі дін саласының өкілдерімен бірлесе жұмыс істеуіне тура келген.

Мейрам Хабиболла, режиссер:

-Қиыншылықтар туындады. Кейбір өткені біз теолог маманмен арнайы ақылдастық. Оларға көрсеттік. Кейбір шектен шығатын түстары болды. Сондықтан міндетті түрде ақылдасып, келісілген қойылым болды.

Ақтөбеде қазір жат ағымның жетегінде кеткендер жетерлік. Мың жарым салафиттің түзу жолға түскісі жоқ. Сондықтан тек құр үгіттен өзге осындай шығармашылық жұмыстар да оларға сеп болар дейді мамандар. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде