{metadescription}
СҚО әкімі Наурыз кезінде киіз үйді іштен жауып алып, шенеуніктерге дастархан жаюды тоқтатуды талап етті
СҚО әкімі Наурыз кезінде киіз үйді іштен жауып алып, шенеуніктерге дастархан жаюды тоқтатуды талап етті

СҚО әкімі Наурыз кезінде киіз үйді іштен жауып алып, шенеуніктерге дастархан жаюды тоқтатуды талап етті

Наурыз  халықтыкі! Солтүстік Қазақстан облысында бұдан былай көктем мерекесіне арналып тігілген киіз үйлерден әкімдер емес,  тұрғындар дәм тататын болды. Сондай –ақ, орталық көшелерде мереке күндері  жол қозғалысын шектеуге де тыйым салынды.

Бұрын орталық көшелер жабылып, оған аудандардан әкелінген киіз үйлер тігілетін. Ал оның ішін  ұлттық тағамдар мен түрлі әбзелдерге толтыру үшін сол ауданның мұғалімдері  мен бюджеттік мекеме  қызметкерлерінен ақша жиналатын. Енді бұл да болмауы керек. Әр ауданның әкімі өз жерінде, өз жерлестерін құттықтауы тиіс деп шешілді.  Қызылжардың арбаты саналатын Конституция  көшесінің бойына ғана киіз үйлер тігіліп, кіремін деген кез-келген жан үшін үш күн бойы ашық тұрмақ. 20 жыл бойы мереке күндері жабылатын орталық көшелерде биыл тұңғыш рет жол қозғалысы сол күйі қалатын болды. Тағы бір жаңалық, бұдан былай  көктем мерекесі  көпқабатты үйлердің аулаларында да тойланады. Естеріңізге салсақ, облыс әкімі Құмар Ақсақалов жаңа жылды тойлауға бір тиын да бөлмей, бар қаржыны осы аулаларды көркейтуге жұмсау керек деген еді.   

Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

-Біз бұрын киіз үйлерді іштен  жауып алып, жұртқа ас беретін едік. Оны жасыратын несі бар. Енді жабық есік жағдайындағы  түстенулерді доғарыңдар. Бұл ұлттық мереке, сондықтан киіз үйлер ұдайы ашық тұруы керек, кірген адамға салт-дәстүрімізді  көрсетуге міндеттіміз.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.