{metadescription}
Атырау облысында дәрігер таппаған жұрт ақылы емханаларға баруға мәжбүр
Атырау облысында дәрігер таппаған жұрт ақылы емханаларға баруға мәжбүр

Атырау облысында дәрігер таппаған жұрт ақылы емханаларға баруға мәжбүр

Атырау облысында ақ халаттылар жетіспей жатыр! Дәрігер таппаймыз деген Доссор тұрғындары қазір Атыраудағы ақылы емханаларға баруға мәжбүр. Өйткені, мұндағы емдеу мекемесіндегі небары 6 қызметкер кентте тұратын 12 мыңнан астам халыққа қызмет көрсетіп үлгере алмауда. Әсіресе, педиатр мен көз дәрігері, хирург, гинеколог, кардиолог секілді маңызды мамандар атымен жоқ. Ал басшылық кей дәрігерлерді алыстағы аудан орталығынан аптасына 2-3 мәрте алдыртып, мәселені осылайша шешіп отырмыз дейді.

Дертке дауа іздеп, дәрігерге келген доссорлықтар көп уақытымыз кезекте отырумен өтеді деп налиды. Алақандай алакөлеңке дәлізде иық тірестіріп күні бойы отырса да, кезектің келмеуі – мұнда қалыпты нәрсе. Өйткені, санаулы маман көмек көрсетіп немесе аурулардың құжаттарын реттеп үлгермейді.

Айнұр Әсетова, Доссор кентінің тұрғыны:

-Дәрігер жетпейді бізге, гинекологқа келеміз, тұрамыз  күтіп. Олар өз уақыттары, тамақтарын ішіп асықпай келеді, таңертең анализге де сол, 7 жарымда келеміз, 11-ге дейін тұрамыз, әсіресе терапевт дұрыс қарамайды.

Тұрғындардың айтуынша, Доссор ауруханасына, әсіресе, түнде түсетіндердің жағдайы тіпті мүшкіл.

Сәния Байымбетова, Доссор кентінің тұрғыны:

-Бізге тұрақты дәрігер керек, бізге келіп-кететін қажеті жоқ, аяқ астынан ауырып қалсақ, ешкім бізді қарамайды.

-Доссордағы 12 мыңнан астам халыққа қазір мына емхана-ауруханадағы 6 маман ғана қызмет көрсетіп отыр. Оның ішінде гинеколог, хирург, кардиолог секілді мамандар Доссордан 40 шақырым қашықтықтағы аудан орталығынан қатынап жұмыс істеп жүр.

Олардың өзі тұрғындарды аптасына 2 болмаса 3 мәрте ғана қабылдайтын көрінеді. Медициналық мекеме басшылығы мамандардың жетіспеушілігін жоққа шығармайды. Бірақ олардың үлгермеуіне дәрігерлердің аздығы емес, маусымдық аурулардың көбеюі себеп екен. Дегенмен, Доссорға дәрігерлер тарту үшін жұмыс жүргізіліп жатыр.

Әлімхан Сәлімов, Доссор кенті ауруханасының аға дәрігері:

-Қазір енді тұмаудың кезі, кезек көп.Биылға 4 маман шақырылып тұр. Келу керек жазда, 1 гинеколог, 1 хирург. Тұрғын үй мәселесі де шешіліп тұр.

Әкімдіктегілердің сөзінше, Атырау облысына биыл көршілес Ақтөбедегі медициналық академияны бітіретін 77 жас маман келмек. Алматыдан келетіндер және бар. Осылайша, тек қана Доссордағы емес, облыстағы дәрігерлер жетіспеушілігі мүлдем жойылады деп сендірді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде