Алматы облысында несие беретін ұйым ондаған отбасының баспанасын кепілге қойып жіберген
Алматы облысында мал өсіру үшін несие алған ауыл тұрғындары енді бастағы баспаналарынан айырылуы мүмкін. Салымшылардың айтуынша, олар микрокредиттік ұйымның жарнамасына алданып, үйлерін кепілге қойған. Қарыздарын өтедік дегенде олар жаңа кедергіге тап болды. Несие берген серіктестік баспаналарын басқа қаржылық ұйымға кепіл ретінде қойып, 30 млн ды қалтасына басып, қашып кеткен. Енді соның кесірінен тұрғындар үйлерінен айырылудың алдында тұр.
Автор: Асқарбек Қазанғап
27.02.2018
-Сонда біз далада қалуымыз керек пе? Үкімет қайда қарайды, заң кімнің сөзін сөйледі?
Қарабұлақ ауылының 20 -дан астам тұрғыны үшін жеңілдетілген несие алудың соңы бастарына қарыздың қара бұлтын үйірді. Осыда бірнеше жыл бұрын «Ескелді» микрокредиттік ұйымға үйлерін кепілге қойып, ақша алған. Берешектерінен құтылдық дегенде енді баспаналарынан айырыласын деген хабар жетіп жағадан алды. Тұрғындарға несие берген ұйым олардың жатын жайларын басқа қаржылық ұйымның қорынан 30 млн теңге алу үшін кепілге қойып жіберген.
Қадырғали Естібеков, Қарабұлақ ауылының тұрғыны:
-Кредит алған халықтың сауатсыздығын пайдаланып отыр. Органдар неге тексермейді?
Ал, ауыл шаруашылығын қолдау қаржылық ұйымы заң бойынша үйлерін сот арқылы аламыз деп міз бақпай отыр. Тұрғындарды сан соқтырған кредитордың зардабын жазысқыз жандар шегетінімен шаруалары жоқ. «Ескелді» микронесиелік ұйымының өкілдері қазір қашып жүр. Оларға соттың шешімі де шыққан. Салымшылар енді жағдайды байыптап, жергілікті атқамінерлер араша түспесе, далада қаламыз дейді
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!