Алматы облысында газ баллоны жарылып, адамдар зардап шекті
Жер үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, 4 адам күйіп қалды. Олар 27 литрлік баллонның көмегімен қатқан су жүйесін ерітеміз деп бір өлімнен қалдын. Құдай сақтап, жарылыстың арты өртке ұласпапты. Ал, қатты дауыс бүкіл Жандосов ауылын шошытып қойды.
27.02.2018
Қазір төтенше жағдай болған үй жабық тұр. Құтқарушылар мұндай қайғыға көбіне пайдалану мерзімі өтіп кеткен және ақауы бар баллондардың себеп болатынын айтады. Жыл басынан бері Алматы облысында осындай 6 жарылыс тіркеліп үлгерген. Ал, бұл жолы зардап шеккен науқастар ауруханада жатыр. Олардың беттері мен қолдары күйген. Дәрігерлер жағдайларын бірқалыпты деп отыр.
Алтай Достияров, Қарасай аудандық ауруханасының бөлім меңгерушісі:
- Бұл аурулардың барлығы да бетінің күйігі және екі қолының күйігімен жеткізілген бірінші, екінші дәрежелі. Мұның бәрі емделетін нәрсе, аман-есен. құдай қаласа, жазылып кетеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!