{metadescription}
Назарбаев Бозымбаевты "қара тізімнен" шығарды
Назарбаев Бозымбаевты "қара тізімнен" шығарды

Назарбаев Бозымбаевты "қара тізімнен" шығарды

Қанат Бозымбаев қара тізімдегілердің қатарынан шықты. Президент Энергетика министріне жариялаған сөгісті жойып, тәртіптік жазадан босатты.  Сөйтіп, Бозымбаев қатарға қайта қосылды.

Былтыр күзде жұртты жанармай таппай тентіретіп қойған Бозымбаев Елбасынан қатаң  сөгіс алған еді. Ол кезде жүргізушілер ең көп тұтынатын АИ-92  ғана емес, АИ-95 маркалы бензин де тапшы болған. Жанармай бекеттеріндегі   жоқшылықтан   кейін елімізде  көмірсіз өмір басталды. Күз келіп, күн суытқанда тұрғындар қара отын іздеп тағы сандалды.  Көмірге таласып, шулаған жұрттың жанайқайы Үкіметке жетті. Бұл шыдамнын шегі болса керек,  Президент  Энергетика  министрі Қанат Бозымбаевқа  сөгіс жариялап,  оның орынбасары Әсет Мағауов мүлдем  қызметінен қуылған  еді. Бозымбаевтан бөлек «ҚазМұнайГаздың» төрағасы Сауат Мыңбаев та ескерту алған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде