Тасқын жамбылдықтарды әбігерге салуда
Алматымен көршілес жатқан Жамбыл облысының жұртшылығын да топан су әбігерге салуда. Тұрар Рысқұлов ауданында сел болып аққан су көше-көшеге кіріп, жұрттың зәресін алуда. Әзірге нақты неше үй мен қора-қопсы қызыл судың астында қалғаны беймәілім. Қазір қауіп төнген ауылдарда төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеуде.
Автор: Руслан Әбдіхалық
27.02.2018
Кеше түнде ауданда жауын жауған. Оның үстіне бүгін күн күрт жылынып, таудан еріген қар суы қосылуда. Соның кесірінен етектегі Әбжапар, Өрнек, Ақыртөбе, Тереңөзек және Мамай ауылдарына қызыл су жайылды. Тіпті кейбір тұрғындардың үйлері мен қора-жайы топан судың астында қалып қойған. Олар көмектің келмей жатқанын айтып дабыл қағуда. Алайда аудан әкімінің орынбасары мұны жоққа шығарады. Айтуынша, жұртқа төнген қауіп жоқ. Шенеуніктің сөзіне сенсек, төтенше жағдай болдырмау үшін 50 адам мен 6 техника жұмылдырылған. Алайда жұрт атқамінерлерден қайыр жоқ деп отыр. Өйткені су үсті-үстіне көбейіп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!