{metadescription}
Министрлер қазақша сайраған күн: Бірақ Үкімет өз ойын орысша айтам дегендерге кедергі болмайды
Министрлер қазақша сайраған күн: Бірақ Үкімет өз ойын орысша айтам дегендерге кедергі болмайды

Министрлер қазақша сайраған күн: Бірақ Үкімет өз ойын орысша айтам дегендерге кедергі болмайды

Президенттің пәрменінен соң Үкімет бір күнде қазақша сайрап кетті. Сондықтан премьерден бастап, оның нөкерлеріне дейін бүгін тек бір-бірімен мемлекеттік тілде тілдесті. Сөйтіп  ұзақ жылдардан кейін алғашқы рет Үкіметтің жиынында министрлер мен әкімдер баяндамасын тек қазақша жасады. Бірақ, әп-әдемі басқосудың  шырқын бұзғандар да болды. Олар кімдер? Жалпы жақсы бастама науқаншылдыққа айналып кетпей ме?

-Бүгінгі Үкімет отырысына тілшілер қауымының үлкен күдікпен келгені жасырын емес. Өйткені "қазақша сөйлеңдер"  деген бұйрықтан соң ертесіне Үкімет отырысы өтті. Ал  елбасының  тапсырмасын орындауға бірден құлшына  кіріскен министрлер кабинеті бүгін қазақша сөйлеуден сайысқа түскендей болды. Сонда шенеуніктерді бірнеше сағаттың ішінде  ана тілінде сөйлету үшін  Ақорданың пәрмені ғана жетпей жүр екен.

Мәселен, жиында алғашқы  болып Инвестиция және даму министрі баяндама жасады. Жеңіс Қасымбек шетелден миллиардтап инвестиция тартудың тың жолдарын тек қазақша айтып берді. Кейін Энергетика министрі Қанат Бозымбаев та тілі күрмеліп, қиналса да баяндамасын соңына дейін мемлекеттік тілде оқып шықты.  Бірақ, кезек өңірлерге келгенде таза қазақша өтіп жатқан жиынның шырқын Ақмола облысының әкімі бұзды. Интернет арқылы экраннан байланысқа шыққан Мәлік Мырзалин бір-екі сөйлемді мемлекеттік тілде айтып, әрі қарай үйреншікті әдетіне басты.

Мәлік Мырзалин, Ақмола облысының әкімі:

-257 миллиард инвестиция және өңдеу өнеркәсібіне 6,2 пайыз өсумен 30 миллиард тартылды. Жоспарлаған индикаторларға қол жеткізілді. В области действует совет по привлечению инвесторов и инвеститционного климата.

Жалғыз Мәлік Мырзалин емес, Білім министрі де ерекше көзге түсті.

Өйткені Ерлан Сағадиев білім саласындағы кезекті реформаларды айтып жатып, сөзіне орысшаны араластырып жіберді.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

-3-ші,6-шы және 8-ші сыныптардың оқулықтары дайын. Енді экспертизадан өтіп, қоғамдық бағалау порталына шықты. То есть мы купили банеры на популярных сайтах и разместили на них общественную экспертизу учебников на ссылку направили всем трех ста тысячи  учителей.

Ал, өзге шенеуніктер премьер Бақытжан Сағынтаевтан бастап 100 пайыз мемлекеттік тілде сөйлеп шықты. Ал, ана тіліне шорқақ шенеуніктер жиыннан шыққан соң, таза қазақша сөйлейміз деп жамырай уәде берді.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

–Баяндамаңызды толық қазақша жасамадыңыз?

–Жоқ, жоқ,жоқ. 95 пайыз қазақша болған.

-100 пайыз қылу қиын ба?

– Қиын емес. Жарайды, жарайды енді 100 пайыз қазақша болады.

Марат Бекетаев, ҚР Әділет министрі:

-Қазақшаға көшесіздер ма?

 –Қазіргі таңда осы жұмысты атқарып жатырмыз.

–Сіздің қазақшаңыз сондай керемет емес қой?

Меңгересіз ба енді?

–  Өздеріңіз білесіздер ғой үйреніп жатырмын.

Жалпы министрлердің  бір күнде 180 градусқа өзгеріп сала беруі бекер емес.  Елбасы Парламент пен Үкіметтегі жиындарды  мемлекеттік тілде өткізуді Ақпарат министріне тапсырғаны белгілі. Бірақ, Дәурен Абаев бұл бастаманың біртіндеп іске асатынын айтып отыр. Яғни,шенеуніктер бірден қазақша сайрап кетпейді. Ойын орыс тілінде жеткізуді қаласа,ешкім аузына қақпақ болмайды.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:

-Үкімет отырысында статистика деректер орысша болды ғой?

-Оның қандай трагедиясы бар? Не болып қалыпты? Сіздер қазақша да орысша да жақсы түсінесіздер ғой. Менде жақсы түсінемін. Орысша бір слайд болды екен деп дүние жүзі өзгеріп кетті ме? Орыс тілі болсын, қазақ тілі болсын тіл бойынша ешкімді кемітпеуіміз керек.

-Не дегенмен, 26 жыл өткенде Парламент пен Үкімет отырыстарын қазақ тілінде өткізуге көшті. "Ештен кеш жақсы" деген. Енді бұны министрлік, әкімдіктер мен басқа мемлекеттік мекемелер іліп әкетсе құба- құп. Бастысы  Елбасының тапсырмасын жер-жердегі шолақ белсенділер науқаншылдыққа  айналдырып, сиырқұйымшақтандырып жібермесе болғаны.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде