Үкіметтен кейін іле-шала бүгін мәжілісмендер де жаппай қазақша сайрады
Тіпті төменгі палатадағы ұлты бөлек халық қалаулыларына дейін министрлерге дейін қазақша сұрақ қойып, белсенділік танытты. Тіпті депутаттар мемлекеттік қызметкерлерді қазақ тілінде емтихан тапсыруға міндеттейтін заң жобасын әзірлеуді ұсынды. Осы тың бастама жайлы астаналық әріптесіменен сұрап білейік.
Автор: Жәудір Оразхан
28.02.2018
-Бүгінге дейін орыс тілінде ғана заң жазып, сауал жолдап келген депутаттарға бір күнде қазақ тіліне көшу қиын болған жоқ па?
Президенттің тапсырмасы талқыланбайды ғой. Мәжілісмендер шетінен тілдерін сындырып, қазақша сөйлеуге барынша тырысып бақты. Негізі, бүгін төменгі палатаға Ұлттық банк төрағасы сақтандыру туралы заңға өзгеріс енгізіп алып келген болатын.Данияр Ақышевтың баяндамасы және халық қалаулыларының көбінің сауалдары мемлекеттік тілде болды. Тіпті ұлты басқа депутаттар күтпеген жерден қазақша сөйлеп , көпшілікті таңқалдырды.
Наринэ Микаелян, Мәжіліс депутаты:
-Мұндай жағдайда сақтандырудың егжей-тегжейлі талаптары шартпен анықталады. Бірақ, біз заң жобасынан сақтандырушы мен клиент сақтандыру талаптарын нақытлай алатын шектік көріп отырған жоқпыз. Ұлттық банк жүктелген сақтанылру шарттару шектерді белгілеуді жоспарлап отыр ма?
Ирина Унжакова, Мәжіліс депутаты:
-Біріншіден, турист үшін пакет қаншалықты өседі, екіншіден туристік фирмасыз өз бетінше шетелге шығатын азаматтарды сақтандыру көзделген бе?
Бұдан кейін қазақшаға судай Геннадий Шиповских сөз алды. Ұлттық банк әзірлеген заң жобасында сақтандыру полисіне қатысты шикілік бар екен. Депутат Ақышевтен соны сұраған. Бас банкир сауалдарға күні бұрын дайындалып келген сынды. Алдындағы шпаргалкаларға қайта-қайта үңілумен болды. Сөйтіп тұрғанда қағаздардың арасынан Шиповскихтың сұрағына әзірлеген жауабын таппай қалды ма, әйтеуір, Ақышев сөзін шатастырып алды.
Данияр Ақышев, Ұлттық банк төрағасы:
-Жол апаты болған жағдайды кінәлі тұлғаны сот анықтайды. Бұл бірнеше айға созылуы мүмкін. Осы уақыт аралығында көбінесе көлік иелері. Мен жауап бердім.
-Жоқ, сіз мына оқып берген басқаша болды ғой. Сол ғой депутат Шиповскихтың...
Сол себепті бұл ақпаратты жазбаша беруді рұқсат етіңіздер.
-Депутаттар қазақ тіліне қатысты жаңа заң жазуды ұсыныпты. Ол құжаттың мақсаты қандай ?
Берік Дүйсембинов экономика, бизнес, ғылым, технологияны қазақшалайтын және шетелдік компаниялар мен инвесторлардан да мемлекеттік тілді талап ететін, сондай-ақ, президенттікке үміткерлер ғана емес кез-келген лауазымды қызметкерді емтихан тапсыруға міндеттейтін заң әзірленсін деген ұсыныс жасап, премьерге сауал жолдады.
Берік Дүйсембинов, Мәжіліс депутаты:
-Елбасымыз мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатында циата «Парламент пен Үкімет жұмысы тек мемлекеттік тілде жүргізілуі тиіс» деп тайға таңба басқандай анық, нақты тапсырма берді. Біздің ойымызша, мемлекеттік тілді міндетті түрде игеруі тиіс лауазымды шенеуніктердің тізімін одан да кеңейту қажет.
Мәжілістің жалпы отырысында айтылған өзге де мәселелер мен депуттар тек қазақ тілінде көтерген сауалдарды кешкі 18-30 қорытынды жаңалықтарда толығырақ хабарлайын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!