Көл-көсір мұнай кен орнын басты
Атыраулық экологтар қазір айналасы түгел қара алтынның астында қалған кенішті іздестіріп жатыр.
Автор: Жанар Низамутдинова
28.02.2018
Әлеуметтік желі арқылы тараған мына шағын бейнежазбада қондырғылардың мұнай астында қалғанын көруге болады. Қара алтын тоқтаусыз ағып, айналаны әбден бүлдірген. Бірақ әзірге бұның қай жерде және қай күні болғаны белгісіз. Тек түсіріп жатқан адамның «Теңіз» деген сөзі байқалады. Анық естілмесе де, апаттың қандай қондырғыда болғаны да айтылған. Өздеріне уатсап желісі арқылы келген бұл көріністі қазір атыраулық экологтар зерттеп жатыр. Мамандар оның қайда түсірілгенін анықтау үшін тиісті орындарға хат жолдап, жедел іске кірісіп жатырмыз дейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!