{metadescription}
Тасқынға байланысты Ұзынағашта төтенше жағдай жарияланды
Тасқынға байланысты Ұзынағашта төтенше жағдай жарияланды

Тасқынға байланысты Ұзынағашта төтенше жағдай жарияланды

Алматы облысындағы өзге елдімекендерде де қызыл судың беті қайтар емес. Әсіресе Ұзынағаштағы жағдай ушығып барады. Бүгін онда тіпті төтенше жағдай жарияланды. Ал, тұрғындарды тілсіз жаудан құтқаруға Ұлттық гвардия жұмылдырылған. Олар су ортасында қалған халықты қауіпсіз жерге көшіріп жатыр. Жауын мен еріген қар суы облыс орталығы мен 5 ауданды әбігерге салуда. Жамбыл ауданында жалпы саны 120 үй суға батқан. Көктемгі тасқын тек Қайназар ауылының өзінде 4 көшенің тұрғындарына ауыртпалық әкелді. Жылда қайталанатын құбылыс Талғар ауданын да айналып өтпеген.

Мұнда Тұздыбастаудан бөлек, Бесағаш, Қызылту, Панфилов ауылдары табиғат апатының зардабын тартуда. Қарасай ауданындағы 80-нен аса ауланы да су шайған. Нақтырақ айтсақ, Қаскелең, Батан, Қырғауылды, Абай елдімекендері тасқын ортасында қалды. Еңбекшіқазақ, Ескелді аудандарында да жағдай мәз емес. Қазір құтқарушылар мен шенеуніктер судың бетін қайтаруға тырысуда. Оған 250-дей адам мен 45 техника кірісті дейді төтенше жағдайлар департаменті. Ал, кезінде осы салаға талай жыл жетекшілік еткен, қазіргі мәжілісмен Владимир Божко тасқынға тұрғындардың өздерін кінәлады. Арықтарды жаздай қоқысқа толтырмағанда, мұндай жағдай болмас еді дейді ол. 

Владимир Божко, Мәжіліс төрағасының орынбасары:

- Тұрғындар арықтарға жаз бойы қоқыс лақтырады. Ал, көктемде суға батқанда, біреуді келіп кінәләйді. Менің ойымша, жергілікті атқарушы органдар мұндай адамдарға әкімшілік шара қолдануы керек. Бұл жерде төтенше жағдай қызметкерлерінің еш кінәсі жоқ. Негізі азаматтардың өздері жауап беруі тиіс. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде