{metadescription}
Оңтүстікте депутатқа тиесілі компанияның жұмысшылары үлкен шу шығарды
Оңтүстікте депутатқа тиесілі компанияның жұмысшылары үлкен шу шығарды

Оңтүстікте депутатқа тиесілі компанияның жұмысшылары үлкен шу шығарды

Оңтүстік Қазақстанда облыстық депутатқа тиесілі компанияның жұмысшылары жылдар бойы жалақысын ала алмай жүр. Түркістанда газ жүргізіп, Шымкентте үй салып, Сарыағашта су тазартқыш құрылғысын қойып және Леңгірде су құбырын жүргізген жүзден астам жұмысшыға  «ШымкентГазМонтаж» мекемесі айлықты беруді қойған. Кейбіріне 2-3 айдың ақшасын 3 жылдап бермесе, енді біреулері 7-8 айдың жалақысын көрмепті.

Бұл жұрт талай жылдан бері «ШымкентГазМонтаж» мекемесінде жұмыс істеген. Компанияның облысқа беделді құрылтайшысы Абай Көмекбаев, мемлекеттік тендерлерді алып, жұмыс жүргізгенімен, компания қызметкерлеріне айлық төлеуді ұмыт қалдырған сияқты. Жүзден астам жұмысшының біреуіне 3 айдың ақшасын бермес, енді бірі 7-8 айдың ақшасын үш жылдан бері ала алмай келеді екен.

Нұрғали Бердібеков, жұмысшы:

-Сарыағаш қаласында су тазартатын ғимарат соқтық. 2015-ші жылы біздің 2 айлығымыз қалып кеткен. Негізі 2017-нің соңында   тапсырып, объектіні бітіргенбіз. Бәрін тапсырып болып, сол жерде 36 жігіттің істеген ақысын ала алмай отырмыз. Бізге берешегі 2 миллион теңге қалған. Соны алсақ болды.

Сарыағаштан бөлек, «Шымкентгазмонтаждың» Леңгір қаласында су құбырын тартып, арты дауға ұласқаны да ел есінде. Бұл бойынша сот ісі әлі жүріп жатыр. Ал, Шымкентте көпқабатты үй де салған жұмысшылар да 3 жылдан бері табан ақы, маңдай терінің өтеуін ала алмай, сабылып жүр.Түркістан қаласында екі жүз шақырым газ құбырын тартқан. Күн-түн демей 16 сағаттап жұмыс істегенбіз дейді мұндағылар. Енді еңбекақыға зар болғандар өзге жұртқа шаш етектен қарыз.

Шайергеш Шарахимов, жұмысшы:

- Енді амалдап жатырмыз ғой. Әйелім 16 мың-17 мың айлық алады. Соған күн көріп отырмыз қазір.  150 мың қарызым бар. Газ бен жарыққа. Соны төлеуім керек.

Елдің бәріне қарызбыз деген жұмысшылар өздеріне тиесілі зейнетақы қорын тексергенде аһ ұрған. Себебі, айлықтан зейнетке деп түсуі тиіс ақша да ұсталғанымен, есеп-шоттарына түспепті. Мәселені білу үшін мекеме директоры Бауыржан Көмекбаевқа да, оның әкесі «ШымкентГазМонтаждың» құрылтайшысы әрі облыс депутаты Абай Көмекбаевқа да телефон шалынды. Бірақ алмады. Оларды біз түгілі біраздан бері не еңбек инспекторлары, не полицейлер таба алмай жүр екен.

Ғалымжан Шәріпов, еңбек инспекторы:

-Бауыржан Көмекбаев деген кісіні іздеп таппадық. Оның телефонына СМС те жіберілді. Осындай арыз түсті. Келіп құжаттарды арыз мәселе бойынша түсініктеме беріңіз деген. Ол телефонын алып, бастапқыда 1-2 сөйлесті. Кейіннен мүлдем көтермейді да, СМС-ке де жауап бермейді.

Жұмысшылары шулағанымен басшылар сол күйі төбе көрсетпеді. Есесіне, фирманың өкілдеріміз дегендер жұрттың даурықпауын өтінген. Ел әбден үйренген ертеңіне басып, көп ұзатпай береміз деп әуреге түсті. Бірақ жұрт басшылардың әңгімесін кезекті ертегіге балап отыр.

-Бір қызығы, екі айда толық қарыздан құтыламыз деген мекеме өкілдері нақты қанша жұмысшының қанша қарыз екенін де білмейтін болып шықты. 3 жылдан бері тексеру болып, есеп-шоттардағы ақшамыз бұғатта тұрған еді деп ақталған олар енді қолда бар техниканы сатсақ та құтыламыз дейді. Бірақ уәдеге сенуден қалған жұмысшылар жылдар бойы былыққа батқан мекеменің толық тексерілуін талап етуде. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде