{metadescription}
Винокуров "Астана" велоклубының жабылуына қатысты айтқан сөзінен айнып қалды
Винокуров "Астана" велоклубының жабылуына қатысты айтқан сөзінен айнып қалды

Винокуров "Астана" велоклубының жабылуына қатысты айтқан сөзінен айнып қалды

Ақшаны оңды-солды шашқан. Демеушілер ақша бөлмей жатыр деп дау көтерген "Астана велоклубына" қатысты шенеуніктер осылай жауап қатты. Тексере келсе, еліміздің атын шығарып жүр деген велоклуб мемлекеттің миллиондарын маңызы жоқ шараларға жұмсап келіпті. Әйтсе де бұл қаржыландыру тоқтайды деген сөз емес. Тек бюджет ақшасына бақылау күшейген.

Жалпы, «Астана» деп ат қойған кәсіпқой командаларда қазір қаржылық дағдарыс. Осыдан біраз бұрын «Астана» футбол клубының бас бапкері демеушілер ақша бермей жатыр деп өкпеледі. Енді «Астана про тим» велокомандасының бас менеджері Александр Винокуровтың шыдамы таусылыпты. Ақшамыз бітті, үнемдеуден қалған-құтқан ақшаның басын құрап, әрең отырмыз деп салған еді. Бірақ, бүгін бас менеджердің сөзі өзгеріп сала берді. Сөзіне қарасақ, жағдай оңалған сияқты. Бастысы, әңгімеміз жарасып тұр деген ол алдағы жарыстарға қызу дайындалып, Қазақстанды әлемге әйгілеуге құлшынып отыр екен.

Александр Винокуров, Astana Pro Team велокомандасының бас менеджері:

-Жылдың басы қашанада қиын ғой. Бірақ, жақын арада бәрі дұрысталады, маған солай айтты. Алдағы демалыста «Париж-Ницца» жарысы басталмақ. Жігіттеріміз алаңсыз дайындалып жатыр.

Жалпы, «Астана» велокомандасына шүйлігіп жатқандар ел арасында аз емес. Айталық, «Астана про тим» құрылғалы бері 13 жылда Азияда теңдессіз командаға айналып, әлемдік додаларда атой салып жүрсе де велокомандада біздікілерден гөрі шетелдің спортшылары қаптап кеткен. Шайтанарба мінгендердің небәрі 30 пайызы ғана өзіміздің спортшылар болып шықты.

Оларға қаражат Ұлттық қордан бөлінеді. Бірақ, тікелей емес, Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Туризм индустриясы және спортты қолдау қорына барып түседі. Ұлттың байлығына қарап отырған «Астана» футбол клубы, «Астана» велокомандасы, «Барыс» хоккей клубы сынды спорт ұжымдарына ақшаны сол қор таратып береді.

Бірақ, елдің ақшасына семірген кәсіпқой командалар еркінсіп кеткен сияқты. Өйткені, қор басшылығы ақшаның қалай жұмсалып жатқанын тексерсе, кемшіліктер қаптап жүр дейді. Оған бей-жай қарай алмаған шенеуніктер ақшаны оңды-солды шашпаудың жолын қарастырып, спорт ұжымдары үшін өтініш беру ережелерін енгізген.

Жанболат Кесікбаев, «Туризм индустриясы және спортты қолдау» қорының бас директоры:

-Қор қызметкерлері федерацияларға бөлінетін қаражаттарға сараптама жүргізіп, көптеген кемістіктер байқады. Алдымен, мәселе тиімді шешім қабылдауға қатысты. Кейде тіпті, жарнама мен әкімшілік шығындар спортшылардың кететін ақшадан да асып кетеді. Бірақ, басты мақсат керісінше, спортшының нәтижелерін жақсарту керек қой.

Бас-аяғын жиып алғанда, велокоманданың жылдық шығыны 17 миллион еуро екен. Ол негізгі команданың қажеттілігімен қоса, әйелдер мен жасөспірімдер командаларын қоса ұстауға жұмсалады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде