Әділет министрлігі коммерциялық банктерге комиссия ұстауына заңмен тыйым салмақ
Көп жылдар бойы клиенттерінен жасырын пайда тауып келген банктер тығырыққа тірелді. Үкімет екінші деңгейлі қаржы ұйымдарының жөнсіз комиссия ұстауына тыйым салмақ. Оның ішінде ипотекалық несие де бар. Шенеуніктер жаңа заң жобасын әзірлеп, бүгін Мәжіліске әкелді.
Автор: Жәудір Оразхан
28.02.2018
Марат Бекетаев, ҚР Әділет министрі:
-Бұл заң бойынша, банктер негізсіз алып келген түрлі комиссиялар тоқтатылады. Мәселен, бір қызметке екі рет ақы алған жағдайлар болған. Несие беруге келсек, банктер қаржыны шотқа аударғаны үшін де ақша ұстайды. Жаңа құжат асы сынды мәселелерді бәрін реттеуге бағытталған. Әрине, банк басшылары қарсылық білдірді. Бірақ, ортақ шешімге келдік.
Яғни, банктер несиені рәсімдегені үшін алатын сансыз комиссия азаяды. Екінші деңгейлі қаржы ұйымдарына тек кәсіпкерлерден ақы алуға рұқсат. Сондай-ақ, жаңа құжатқа сай, кепілге қойлыған пәтерді қожайынының өзі нарықтық бағаға сата алады. Мемлекеттік мұқтаждыққа деп алынатын жеке меншіктегі жерлердің де бағасын нарықпен теңестірмек. Заң жобасын Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдады. Енді депутаттар өз ұсыныстарын қосып, екінші оқылымда қарауы тиіс.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!