{metadescription}
Алматыдағы ең қымбат автосалонда апат болды
Алматыдағы ең қымбат автосалонда апат болды

Алматыдағы ең қымбат автосалонда апат болды

23 жастағы жігіт су жаңа Rolls Royce-ке мініп, көлікпен ғимараттың әйнегіне соққан. Куәгерлердің сөзінше, жас жігіттің мас болуы мүмкін. Содан болар, ол қымбат машинаны айдап кетпек болған. Бірақ, көлік витринадан әрі аспай, ақырында клиент табанын жалтыратпақ болды.

Ал, салон қызметкерлері жігіттің көлікті абайсызда соғып алған деп отыр. Яғни, ол көліктің іші-сыртына қызығып, мініп көрген. Тіпті, оталдырып, өздігінен кішігірім тест-драйв жасамақ болыпты. Бірақ, онысы сәтсіз аяқталып, қыруар шығын келді. Себебі, әйнектің сынғаны бір бөлек, Rolls Royce-тің алды бүлінген. Айта кетерлігі, зақым келген темір тұлпардың су жаңасы Қазақстанда кем дегенде 320 мың доллар тұрады. Бірақ, шығынды ебедейсіз клиент пе, әлде ісіне салғырт қараған менеджер төлей ме, ол жағы белгісіз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде