Атырауда күзетшілер қытай жұмысшыларынан кешірім сұрап тынды
Тәртіпті талап етсең де кінәлісің! Атырауда мұнай өңдеу зауыты аумағында тәртіптің сақталуын талап еткен зауыт күзетшілері Қытай жұмысшыларының алдында кешірім сұрауға мәжбүр болды. Ерегістің арты үлкен жанжалға ұласып кетер деп қауіптенді ме, болмаса зауыттағы жұмыс көлемінен айрылып қалудан қорықты ма, күзет компаниясының басшылығы көрші елден келгендердің ығына жығыла салыпты.
Автор: Жанар Низамутдинова
01.03.2018
Екі жақтың келіспей қалуына жұмыстан 15 минут ерте кетпек болған қытайлардың әрекеті себеп болған. Яғни, ішкі тәртіпке бағынғысы келмеген оларға күзетшілер зауыт аумағынан шығуға тыйым салыпты. Сөйтіп, арада ерегес басталып, оған қытайлық өзге де мердігер компаниялардың жұмысшылары келіп қосылған. Бас-аяғы он минутқа созылған келіспеушілік зауыттың ішкі қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері араласқан соң ғана тоқтады. Ақыр аяғында, күзетшілер қытайлық компаниядан кешірім сұрап, дауға нүкте қойылған. Дегенмен, басшылықтың шешіміне сәйкес, енді екі елдің жұмысшылары екі есіктен кіруге уағдаласыпты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!