Станимир Стойлов футболдан ұлттық құраманың бас бапкері болып тағайындалды
Бұған дейін «Астана» клубын жаттықтырған болгариялық бапкер енді қазақ футболын дамытумен айналыспақ.
Автор: Досжан Маратұлы
01.03.2018
51 жастағы Стойлов елордалық клубты 2014 жылдан бері жаттықтырған. Содан бері «Астана» төрт рет қатарынан ел чемпионы атанып, биыл тіпті Чемпиондар лигасының топтық кезеңінен де өтті. Ал, Стойловқа орнын босатқан бұрынғы бас бапкер Александр Бородюк ұлттық құраманы небары жылға жуық жаттықтырған болатын. Оның кезінде футболшыларымыз жеті матч өткізіп, алтауында жеңілген. Енді оның орнын басқан Стойловпен келісім-шарт екі жылға жасалды.
СТАНИМИР СТОЙЛОВ, ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ:
-Қазақстан футболын дамыту үшін барымды саламын. Біздің ойыншылар мықты. Бірақ, командалық ойыны әлсіздеу. Өзімшіл футболшыларға ұлттық құрамада орын жоқ. Ал, допты жақсы тебетін кез-келген футболшыны қарсы алуға дайынбыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!