Қарағандыда пациентін өлтіріп алған тіс емханасының есігіне қара құлып салынды
Қарағандыда 1 жарым жастағы сәби көз жұмған тіс емханасы жұмысын тоқтатты. Аталған жағдай бойынша қозғалған қылмыстық іс пен тексерістерден кейін емхана басшылығы өз қызметін доғару жөнінде арыз түсірген.
Автор: Саят Сабдалы
01.03.2018
Дегенмен, қоғам денсаулығын қорғау департаментіндегілер тіс емханасына тексерістер жалғаса береді дейді. Соның қортындысы бойынша қозғалған қылмыстық іске пайдалы ақпараттар беріледі. Ал емханадағы анестезиологтың балаға аллергиясы бар-жоғын анықтамай наркоз бергені расталып отыр. Бір қызығы, дәл осы анестезиологтың қолынан осыдан 2 жыл бұрын 13 жастағы қыз өлген болатын. Ол бойынша тергеу әлі жүріп жатқандақтан дәрігердің емін-еркін басқа клиникада жұмысын жалғастыра берген. Естеріңізге салсақ, ақпанның 22-сінде жеке тіс емдеу клиникасына жұлдыруға келген Семен Арзамасцев наркоздан кейін есінен айырылған еді. Ақыры жансақтау бөлімінде көз жұмған. Оның ата-анасы – Қарағанды облысында келісім-шартпен қызмет етіп жүрген Ресей қарулы күштерінің әскерилері, яғни көрші елдің азаматтары.
Ольга Смирнова, Қарағанды облыстық қоғам денсаулығын қорғау департаменті басшысының орынбасары:
-Тіс емханасының жұмысы қожайындарының арызы бойынша тоқтатылды. Бірақ бұл біз тексеріс жүргізбейміз деген сөз емес. Тергеу жұмыстырының тыңғылықты жүруіне өз азаматы болған соң, Ресей жағы да мүдделі. Сондықтан бұған бей-жай қарамаймыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!