{metadescription}
Экономика министрі сенатордың сұрағын түсінбей сасып қалды
Экономика министрі сенатордың сұрағын түсінбей сасып қалды

Экономика министрі сенатордың сұрағын түсінбей сасып қалды

Министрлер шетінен мүдіріп, сөзден сүрінуде. Бүгін Ұлттық экономика министрі сенаторлардың сұрағына жауап бере алмай, әбден састы. Тимур Сүлейменов бұл жолы білгенін ана тілінде баяндай алмай алмай, қор болды.

Мұхтар Құл-Мұхаммед, Сенат депутаты:

-Осы ратификациялаудан кейін 80-ге жуық осындай түрлі жасанды кедергілер орнатылған, әсіресе, Ресей нарығына қазақстандық кәсіпкерлердің шығуы барысында. Осы тарапынан өкілдік министрлік  ретінде қандай жұмыстар атқарылуда? 

Тимур Сүлейменов, Ұлттық экономика министрі:

-Біз осы кедергілерді жою үшін ЕЭО Үкіметаралық кеңес деңгейінде олардың тізімін бекіттік, одан кейін жол картасын қабылдадық.

-Болды ма? Сіздің жауабыңыз толық емес, сұрақ өте нақты болды. Осы мәселеге байланысты жауап беріңізші толығымен.

-Әр кедергі әртүрлі болады. Әр кедергінің өз шешімі бар.

-Министр мырза, Сіз бұл мәселе бойынша жазбаша жауап беріңіз. Отырыңыз.

Сүлейменов Сенатқа Еуразиялық экономикалық одақ комиссиясының келісімі туралы құжатты алып келген. Онда одаққа мүше елдердің экономикалық қарым-қатынасы жазылған. Депутат министрден осы ұйым аясында отандық кәсіпкерлердің құқығы тапталуда деген мәселені көтерді. Біздің өндірушілер үшін Ресейдің нарығына шығу өте қиын, кедергілер көп  дейді сенатор. Бірақ Құл-Мұхаммед министрден мандытып жауап ала алмады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде