{metadescription}
Бас мүфти араб киімін жамылғандармен  қалай күреспек?
Бас мүфти араб киімін жамылғандармен  қалай күреспек?

Бас мүфти араб киімін жамылғандармен қалай күреспек?

Еуразияның ислам діні басшылары теріс ағымдарға қарсы тұру үшін ортақ қарар қабылдап, пәтуалар базасын құрмақ. Астанада жиырмадан астам елдің өкілі бас қосып, мұсылмандардың заманауи келбетін қалыптастыру мәселесін қызу талқылады.

Форумға 40-қа жуық делегаттың мақсаты түзу мұсылмандарды былықтан арашалап, заман көшіне ілескен білімді мұсылмандар қауымын қалыптастыру. Сол үшін сақалын өлшеусіз өсіріп, арабтың киімімен көзге ерсі көрініп жүргендерді бір ретке келтіруді көздейді. Соның оңды шешімі ретінде ортақ пәтуалар базасын құруды көздеп отыр. Яғни, мұсылман әлемінің кез келген даулы мәселесіне қатысты дін басшыларының кесімді сөзін сол жерден табуға болады. Сонымен қатар, діни алауыздыққа қарсы тұруда Құран мен хадистерді жетік білетін дін ғұламаларына арқа сүйеу керек дейді қатысушылар. Бүгінгі жиын қорытындысында олар дұрыс діннің атын жамылған теріс пиғылдыларға қарсы қарар қабылдады.

Серікбай қажы Ораз, Бас мүфти:

-Дін атын жамылған қандай да бір теріс әрекеттерге қарсы тұра алатын иммунитет қалыптастыру мен біліміміз бен ой-пікірімізді біріктіре отырып, соған жұмыла жұмыс жасайтын боламыз, деп осы резолюцияға барша келіп отырған форум қонақтары келісімін беріп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде