Арменияда жаңа президент
Ұлттық жиналыстың қорытындысына сәйкес, Армен Саркасян елдің төртінші президенті болып сайланды. Билікті уысында ұстаған республикалық партияның өкілін жақтап 90 депутат дауыс берсе, 10-ы қарсы шыққан.
Автор: Мақсат Мәлік
02.03.2018
Ал, Арменияның қазіргі президенті Серж Саргсянның мерзімі сәуірдің 9-да аяқталады. Осыдан кейін ел тағына бұрынғы премьер-министр, бүгінгі таңда Ұлыбриятанияда елші қызметін атқарып жүрген Армен Саркасян жайғасады. Айта кетейік, жаңа президент келген сәттен бастап Арменияда жаңа конституция күшіне еніп, билік парламент пен үкіметтің қолына өтеді. Сондай-ақ, өкілеттік билік атқаратын президентті парламент тағайындайтын болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!