Қарағандыда жарылыстан зардап шеккен қыз көз жұмды
Қарағандыда жер үйдегі газ жарылысынан кейін оңбай күйген 16 жастағы Анна Шилина да ауруханада қайтыс болды. Дәрігерлер оның өмірін сақтау үшін 12 күн алысқандарымен қыздың демі үзіліп кеткен.
Автор: Саят Сабдалы
02.03.2018
Өткен аптада қыздың ғашығы 24 жастағы Даниил Ефимов есін жимастан жансақтау бөлімінде жан тапсырған еді. Ал Анна көзін ашып, тілге келгенімен ағзасы жарақатқа шыдас бермеген. Естеріңізге салсақ, Шахтинск қаласы маңындағы жер үйлердің бірінде ақпанның 19-ы күні газ баллоны жарылған. Өртке оранған үйде Даниил Ефимов пен Анна Шилина қалып қойып, оңбай күйген болатын. Оларды үйден көршісі көтеріп алып шыққан. Ал баспананың дымы қалмай жанып кетті. Қазір жалғыз ұлынан айрылған үйдің иесі Елена Ефимоваға еріктілер қаражат жинап жатыр. Марқұм қыздың артында артында інісі мен әкесі қалды.
Берік Түлеубаев, Қарағанды облыстық травматология және ортопедия клиникасы бас дәрігерінің орынбасары:
-Оны шоктан шығардық негізінде. Бірақ та күйік кезеңдерінде екі операция жасалды. Отодермопластика жасалды. Бірақ та сонда да науқас қиын жағдайдан шыға алмады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!