Маңғыстауда өзбек азаматтары мінген көлік апатқа ұшырады
Көлікке мініп, өлікке айналған! Маңғыстау облысындағы жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқан өзбек азаматтарының аты-жөні белгілі болды. Марқұмдардың алтауы да Хорезм облысының тұрғындары. Ал, жастары 22 мен 40-тың аралығында.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
02.03.2018
Қайғылы оқиға кеше таңғы 4 жарым шамасында, Ақтау-Бейнеу тас жолында болған. Сайөтес ауылының маңына келгенде адам толы «Лада Ларгус» жүк көлігімен соғысыпты. Содан, от тұтанып, жеңіл машина түгі қалмай өртеніп кеткен. Ішіндегі адамдар да сол жерде тірідей жанып кетті. Қаза тапқан 7 адамның алтауы тағы да Өзбекстан азаматтары болып шықты. Ал, олардың тізімін Өзбекстанның төтенше жағдай министрлігі бірер сағат бұрын жариялады. Ведомства өмірі қара жолда үзілген отандастарының жақындары үшін шұғыл желі ашқан. Ал, көз жұмған жетінші адамның кім екені әзірге белгісіз. Оның тұлғасы енді анықталады. Апатқа қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!