{metadescription}
Байқоңыр ғарыш айлағы Қазақстанға қайтарыла ма?
Байқоңыр ғарыш айлағы Қазақстанға қайтарыла ма?

Байқоңыр ғарыш айлағы Қазақстанға қайтарыла ма?

Ресей Байқоңырдағы ғарыш айлақтарының біраз бөлігін Қазақстанға бермекші. Зымырандарды ұшыруға арналған кешендер мамыр айының соңында елімізге өтуі тиіс.

Мәліметтерге қарағанда «Роскосмос» Байқоңырдағы нөмірі 43 және 41-інші ұшу алаңдарын Қазақстанға бекер бергелі отырған жоқ. Екі ел бірігіп «Союз-5» ғарыш кемесін ұшырмақшы. «Байтерек» жобасына сәйкес, Ресей зымыранды құрастырса,  еліміз қарамағына алатын ғарыш айлағын жаңартып, ұшуға әзірлеуі тиіс.  Жоспарға сай ракета ашық космосқа төрт жылдан кейін жіберілмекші.

ҒАЛЫМЖАН ДАНБАЕВ, ҚР ҚОРҒАНЫС ЖӘНЕ АЭРОӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІ МИНИСТРЛІГІ КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

-Қазіргі уақытта енді жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазақстанға беру жұмыстары. Осы 2022 жылға жоспарланып отыр зымыранның ұшуын. Сол уақыттан бастап меніңше айтуға болады Қазақстан мен Ресей бірігіп,  Ғарыш державасы деп айтуға болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.