{metadescription}
Бишімбаевқа 14 наурызда үкім шығады
Бишімбаевқа 14 наурызда үкім шығады

Бишімбаевқа 14 наурызда үкім шығады

Астанада Қуандық Бишімбаевқа қатысты процесс аяқталып келеді. Бүгін экс-министр сот алдында соңғы рет сөз сөйледі. Өзіне тағылған айыптардың бірін де мойындамаған  басты күдікті  судьядан өзін толық ақтауды сұрады.

Қуандық Бишімбаев:ауд

-Шыны зауытының құрылысына деп ешкімнен пара алған емеспін, ақша сұрамадым да.  Оған ешқандай  дәлел жоқ. Тағылған айыптар бір-біріне қайшы келеді. Президент қолжетмді баспана бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырғанда, Елбасының сенімін ақтау үшін барымды салдым. Сондықтан, мен ешкімнің алдында ұялмаймын.

Бишімбаев командасына кадр  таңдағанда жаңылысқаны үшін  отбасынан, Президенттен және ел азаматтарынан  кешірім сұрады. Айтуынша, тергеушілер талай рет  «кінәңді мойындасаң, жазаң жеңілдейді» деп  үгіттепті Бірақ, мұндай арандатушылықтың біріне де көнбедім дейді Бишімбаев.  Сондықтан, соңғы рет сөз алған бұрының министр судьядан қылмыстық істі қайта қарап, өзін ақтауды өтінді. Ал прокурорлар экс-шенеунікті  12 жылға бас бостандығынан айырып  және бар мүлкін тәркілеуді, өмір бойы мемлекеттік қызметке жолатпауды  сұраған еді. Бүгін сотта Қуандық Бишімбаевтың анасы да ұлын ақтауды сұрап,  сөз сөйледі. Бишімбаев Қызылордадағы шыны зауытына деп бюджеттен бөлінген 1 миллиардтан астам теңгені де жалған фирмалар арқылы қолды қылды деп айыпталған. Бұл іс бойынша 22 адам күдікке ілінген. Оның 20-сы қылмысын мойындады. Енді  Бишімбаевтың тағдыры 14-наурызда шешіледі. Яғни, екі аптадан соң сот үкімі шығады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.