{metadescription}
Ақмола облысында депоны тексеруге келгендер қайғылы жағдайға тап болды
Ақмола облысында депоны тексеруге келгендер қайғылы жағдайға тап болды

Ақмола облысында депоны тексеруге келгендер қайғылы жағдайға тап болды

Тексерушіні күтемін деп ажал құшты! Ақмола облысында «Қазақстан теміржолының» қаржы ревизоры мен «Бурабай курорты» локомотив пайдалану депосының 2 қызметкері газдан уланып қаза тапты. Бөлімшені қаржы жағынан тексеруге келгендерге 3 қызметкер көлден балық аулатып, көңілдерін ауламақ болған. Өкінішке қарай, көл бетіндегі көңілді демалыс қайғылы аяқталды.

Жұртты елең еткізген қайғылы жағдай Бурабай курортты аймағындағы Щучье көлінде болған.  40 және 57 жастағы 2 ревизор Бурабайдағы теміржол депосын қаржы жағынан тексеру үшін осыдан бір ай бұрын келіпті.

Іссапарда жүрген оларға көңілді демалыс ұйымдастыру үшін депоның өндіріс-техникалық бөлімінің басшысы Ардақ Жолданов 2 қызметкерімен демалыс орнынан шатыр алып, оны көл бетіне тігіп, балық аулауға апарған.  Ревизорлар әрі қармақ салып, әрі балық сорпасын ішіп рахаттансын деді ме, шатырға газ қондырғысын әкеліп орнатыпты. Қазанда сорпа әзірлеп жүргендерінде, ауаны газ жайлаған. 2 ревизор мен ұйымдастырушы үшеу соның иісінен ұйықтап кетіпті. Қарағандылық ревизорлардың бірі есеңгіреп отырып оянып, қасындағыларды түрткілесе, үшеуі жан тапсырған болып шығады.

Гүлнар Пинчук, Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

-Щучье көліндегі шатырдан 3 балықшының өлі денесі табылды. Болжам бойынша, үшеуі де газға тұншыққан. Қазір бұл іске қатысьы тергеу жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Локомотив депосының қызметкерлері сол күні түнгі кезекшіліктен шыққан. Соған қарамастан, тексерушілерге құрмет көрсету керек болған сияқты.

Өзі аман қалып, марқұмдарды құтқаруға ұмтылған ревизор Ерлан Әбдіқаловтың айтуынша, шатырдың желдеткіші жабық болғанын ешкім аңғармапты. Жедел жәрдем шақырған да осы кісі екен. Қазір депо қызметкері екеуі ауруханада жатыр.

Әділет Жолмырзаев, Бурабай аудандық ауруханасының бөлімше меңгерушісі:

- Бір  науқас ауыр реанимация бөлмшесіне түсті.Біреуі терапия бөлімшесіне. Қазіргі уақытта 2 науқастың жағдайы қалыпты.

Әзірге, шатырда мерт болған 1 ревизор мен 2 депо қызметкері газдан уланды деген болжам айтылып отыр.Үшеуінің де артында бала-шағасы қалды. Оларды ертең жер қойнына тапсырады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде