{metadescription}
Атырау облысында өрттен қаза тапқандардың отбасына өтемақы төленетін болды
Атырау облысында өрттен қаза тапқандардың отбасына өтемақы төленетін болды

Атырау облысында өрттен қаза тапқандардың отбасына өтемақы төленетін болды

Бұл туралы Қарабатандағы газтурбиналы электр станцияның құрылысын жүргізіп жатқан «Пиэсстрой Индустрия» компаниясының басшылығы хабарлады. Бірақ оның мөлшері қандай болатыны айтылмады. Қаза тапқандардың барлығы – Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы. Олар слесарь, монтаждаушы болып істеген екен. Айта кетейік, аталған құрылыс алаңындағы жатақханада болған өрттен 6 жұмысшы көз жұмған болатын. 

-6 адамның өмірін жалмаған өрт осы жатақханада болған. Аумағы 480шаршы метр болатын жатақхана түгелдей жанып кеткен. Қызыл жалын 20 минуттың ішінде түк қалдырмаған, тіпті темір керуерттерден де түк қалмапты. Қазір бұл жерде тергеушілер мен құтқарушылар әлі жұмыс жасап жатыр.

Жұмысшылар уақытша мекендеген бұл жатақхана электр пешімен жылытылған. Ғимаратта өрт сөндіру құралдары мен дабыл қаққыш болыпты. Төсектерінің тұсында ашылатын терезе бола тұра, жұмысшылардың не себепті тез арада сыртқа шыға алмағандары қазір анықталып жатыр. Тірі қалғандардың бірі Қанат Жарқынбеков қазір облыстық ауруханада. Оның денесінің 15 пайызын күйік шалыпты.

Қанат Жарқынбеков, зардап шегуші:

- Бөлмеде  отыр едік, от кірді ғой ішке. Терезеден шықтық, болды, осындай жағдай. Басқаларын білмеймін.

Аман қалған тағы екі жігітті дәрігерлер қараған соң, олар үйлеріне жіберіліпті. Ал, енді бірі өте ауыр жағдайда жатыр.Қайтыс болғандардың барлығы өзге өңірлерден келген. Олар құрылыс алаңында слесарь, монтаждаушы болып қызмет еткен. Олардың жеке басы әлі де анықталу үстінде. Ал, оқиға орнында  жүрген құтқарушыларға осындағы жұмысшылар да көмектесуде.

Газ турбиналы электр станциясының құрылысы алаңында болған өрт 20 минуттың ішінде толықтай сөндірілген. Дегенмен, орны әлі бықсып жатыр. Құтқарушылардың айтуынша, өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болған. Дегенмен оқиған жіті тексеру үшін арнайы топ құрылып, іске кірісті.

Ұлан Иманқұлов, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі:

-Әрбір обьектінің басшысы  жұмыс жасап жүрген адамдардың өмірін сақтауға  жауапкершілікпен қарау керек. Оқиға орнында арнайы штаб құрылды. Штабты Атырау облысының бірінші орынбасапры басқарады.

Мердігер компания басшылығы қайтыс болғандардың отбасына өтемақы төлегеннен бөлек, ауруханада жатқандардың да ем-домына қаржы қарастырып қойыпты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.