Ішкі істер министрлігі бес мың балаға арналған тегін спорт секцияларын ашты
Жаңа спорт үйірмелері министрлікке қарасты «Динамо» спорт қоғамы базасында жұмыс істейтін болады.
Автор: Ербол Тұрымбет
05.03.2018
«Динамо» – талай олимпиада және әлем чемпиондарын дайындаған орда. Оның ел аумағындағы 18 филиалында 180 үйірме ашылып отыр. Балаларға арналған тартудың ашылу салтанатына аса мән берілген екен. Бас қонақ – министр Қалмұханбет Қасымовтың өзі. Ал осы «Динамодан» тәлім алған белгілі спортшылар жас шәкірттерді құттықтай келген. Қадірлі қонақтар үшін кішкентай спортшылар өз шеберліктерін көрсетсе, ұлттық гвардия сарбаздары әскери өнерін паш етті. Мұнша салтанаттың өзіндік себебі бар. Биыл министрлік балаларды қорғау жылын жариялап қойған.
Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:
-Әрқашан бақытты әрі қауіпсіз болу керек. Осы мақсатта Ішкі істер министрлігі нақты және маңызды шаралап қабылдауда. Оған айқын дәлел, біз 2018 жылды «Бақытты балалық шақты» қорғау жылы деп жарияладық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!