Ақтөбеде туған шешесінің кесірінен соқыр болып қалған баланың көзіне операция жасалды
Алғашқы отадан соң бір жарым жастағы Саша жарықты көре бастаған.
Автор: Жаңалық Ахаш
05.03.2018
Сәбилер үйінің қызметкерлері бұған қуанып отыр. Өйткені бірнеше ай бойы ел бойынша сәбиді емдейтін орталық іздеген еді. Ақыры Алматыдағы көз ауруларының ұлттық институты қабылдауға келісім беріп, Сашаның жанарындағы мөлдір қабықшақты ауыстырған. Қазір жарықты сезініп, алдындағы көлбеңдеген бейнелерді ажырата алады. Айта кетейік, бөбекті былтыр күзде қараусыз жатқан жерінен тәртіп сақшылары тауып алған. Маскүнем анасы он екі мүшесі сау туылған ұлының көзіне жиналған былшыққа мән бермепті. Соның кесірінен жанары солып қалған. Қазір араққа салынған келіншек ата-ана құқығынан айрылды. Ал сәбилер үйінің қызметкерлері баланың сөйлеуі мен жүріп кетуінде де кемшілік барын айтады. Бірақ жанары қалпына келсе, бірер айда тұсауын да кесеміз деп отыр.
Нұргүл Сарманова, «Үміт» сәбилер үйінің бөлім меңгерушісі:
-Көздің мөлдір қабығының донорлық мөлдір қабығына алмастыру жүргізілді. Енді оперативті емнен кейін баланың жағдайы жақсы. Бұрын бала жарыққа ешқандай әсері болмаса, бүгінгі күнде баланың жарыққа өте жақсы әсері бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!