{metadescription}
Жүйкені жұқартқан жүйесіз құрылыс
Жүйкені жұқартқан жүйесіз құрылыс

Жүйкені жұқартқан жүйесіз құрылыс

Аягөз қаласында іргетасы қаланып, тұралағанына үш жыл болған үйдің төңірегінде шу басылмай тұр. Сол маңдағы тұрғындар жаңа баспананың құрылысы үшін аулалары тарылып, ойын, кір жуатын алаңды сүріп тастағанына наразы. Тіптен, олар әкімдіктің талап бойынша құрылысты бастауға қол жинап, рұқсат алмағандарын айтады. Ал, болары болып, бояуы сіңгеннен кейін жергілікті атқамінерлер басқа жолдың жоғын айтып жұбатады.

Бұл құрылыс көрші үйдің тұрғындарына көзге шыққан сүйелдей. Не сүрілмейді, не салынып бітпейді. Соның кесірінен жазда шаңға тұншығып, қыста жолдың тарлығынан екі аяқтары бір етікке тығылған.

-Бұл құрылыстың тұралағанына үш жылдың жүзі толды. Тұрғындар балаларын далада ойнатудан  қалған. Өйткені, ауладағы ойын алаңдарын алып тастаған. Ал, кешке таман көліктердің өзі бұл жерде тұратын орын таппайды.

О баста құрылысты бастарда сол маңдағы адамдардан әкімдіктің қол жинамауы тұрғындардың қытығына тиген. Талап-тілектерін ескермеген басшылықтың басынуына шыдай алмаймыз дейді.

Сейсенбек Жылбаев, Аягөз қаласының тұрғыны

- Жедел жәрдем келе алмайды. Келейін десе жан- жақтың бәрі түгел жабық. Мына ара деген жазда топырақ болып кетеді. Үсті үстіне үйіп кетеді.

Ұлардай шулағандардың өкпесін естіп, жергілікті әкімдік өкілдерінің өздері келді. Көрші үйдің тұрғындары, тіптен кейбіреулерінен қорқытып қол қойдырғандарын атқамінерлердің бетіне бүкпесіз айтты. Домбырам не дейді, мен не деймін. Әкімнің орынбасары қойылған сұрақты естісе де, әңгімені басқа арнаға бұрып жіберуге тырысты. Бірақ, қадалған жерінен қан алмай қоймайтын тұрғындардың табандылығы атқамінерді ашуға булықтырды.

Самат Серіков, Аягөз қаласы әкімінің орынбасары:

-Ал мен айтайын сізге бұл кісілер рұқсат берген жоқ десе, бұл кісілер рұқсат берді. Кімге сенесіз ал? Осы уақытқа дейін осы жердің бәрі қоқыс  болып жатты. Есік алдының бәрі бұзылып жатты. Тыңдаңыз!

Бұл түйіннің әзірге тарқайтын түрі жоқ. Тұрғындар аулаларын бұрынғы қалпына келтірмесе, онда құрылысқа қарсы шығып, құзырлы органдарға шағымданамыз деп отыр. Әкімдік бұл жолы үнсіз бастарын шұлғып, ойластырамыз деп тарқасты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.