Елімізде үйсіз жүрген жандар жақында жаппай баспаналы болмақ
Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Парламенттің қос палатасын және Үкімет мүшелерін жинап, 5 маңызды әлеуметтік ұсыныс жасады. Президент ең алдымен тұрғын үй ипотекасына қатысты жаңа «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырды. Және жалақысы төмен жұмысшылардың табыс салығын 10 есеге азайтуға пәрмен берді. Елбасының ұсыныстары жайлы толығырақ Парламенттің біріккен отырысына қатысып келген астаналық әріптесімнен сұрап білейік.
Автор: Жәудір Оразхан
05.03.2018
-Жәудір, қайырлы күн. Президент әлеуметтік жағынан жұртқа өте жақын бес ұсыныс жасапты. Соның ішінде тұрғын үй ипотекасына қатысты жаңа «7-20-50» бағдарламасы жайлы толығырақ айтып берсең?
Иә, соңғы екі-үш сағатта Назарбаевтың бес ұсынысын азаматтар қызу талқылап жатыр. Әсіресе, осы ипотекаға қатысты жаңа бағдарламаны жұрт ерекше қолдап, қызығушылық білдіруде. Баспана мәселесі жалдамалы пәтер жағалап жүрген жанұялардың жанды жері екенін көрсетті.
Жалпы, былтыр 11 миллионнан астам шаршы метр баспана пайдалануға беріліпті. Бірақ бұл жеткіліксіз. Үйсіздер әлде қайда көп. Сондықтан, Президент Үкіметке тұрақты жұмыс істеп, жалақы алып жүрген кез келген адамға несие қолжетімді болсын деген тапсырма берді. Тұрғын үй ипотекасына қатысты «7-20-50» бағдарламасын Назарбаев былай түсіндірді:
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
Я предлагаю запустить программу, которую назвал "7-20-25". Каждый рабочий казахстанец будет иметь возможность получить жилищный заем в тенге на следующих условиях: ставка вознаграждения по кредиту - не более 7 процентов в год, а не 14-16, как сейчас. Если сегодня банки требуют первоначальный взнос до 30 процентов, а иногда 50 процентов, то по этой программе первоначальный взнос не должен превышать 20 процентов. Срок кредита не 10-15, а 25 лет, чтобы снизить для людей размеры ежемесячных платежей.
Президенттің бұл жоспарын жүзеге асыру үшін Үкімет пен Ұлттық банкке біраз жұмыс істеуге тура келеді. Бұл құрылыс компанияларына да үлкен мүмкіндік болғалы тұр. Жаңа жұмыс орындары ашылады, жаңа тапсырыс түседі.
-Жәудір, енді салыққа келсек. Алдағы уақытта кімдерге табыс салғы төмендейді?
Келесі жылдың қаңтарынан бастап белгілі бір топтағы азаматтардың мемлекетке төлейтін салығы он есеге төмендейді. Үкімет осы арқылы табысы төмен адамдардың еңбекақысын көтеруі қажет.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Для поддержки казахстанцев, получающих относительно низкую зарплату, с 1 января 2019 года предлагаю снизить налоговую нагрузку в десять раз и облагать их налогом в размере 1 процента. Необходимо, чтобы высвобождаемые средства от такого снижения были направлены на увеличение оплаты их труда. В результате у не менее одной трети наемных работников страны - это более двух миллионов человек - вырастет заработная плата без увеличения нагрузки на работодателей.
Яғни, 60 мың теңгеден төмен жалақы алатындарға жеңілдік жасалады. Елбасы бұдан бөлек, Астанаға газ кіргізу, жоғары оқу орындарындағы мемлекеттік гранттың санын көбейту, студенттерге жатақхана салу және шағын және орта бизнеске микронесие беру сынды мәселелрді көтеріп, Үкіметке нақты тапсырмалар берді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!