{metadescription}
Көкшетауда бір үйге таласқан екі отбасының арасындағы қырқыс ушығып барады
Көкшетауда бір үйге таласқан екі отбасының арасындағы қырқыс ушығып барады

Көкшетауда бір үйге таласқан екі отбасының арасындағы қырқыс ушығып барады

Көкшетау іргесіндегі Нұрлыкөш ауылында біреудің баспанасына таласқан екі отбасының арасындағы дауға  әкімдік те, полиция да араласып еш нәтиже шығара алмай жатыр. 7 жыл бұрын мемлекеттік бағдарламамен алып, иесі жалға беруге тастап кеткен үйдің төңірегіндегі шу басылар емес. Баспанаға қазір иелік етіп жүрген Гүлзира Рамазан қақаған аязда жылу батареяларын алып тастап, шиеттей 7 баласы бар отбасын далада қаңғыртып қойған. Қаланың тұрғынүй-коммуналдық қызметі бұл айғайдан құтылудың жолын оңай тапқан сияқты. Жылу маусымы бітпей жатып, екі отбасынан да үйді босатуды талап етіп отыр....

strong>

Іште тұрған осы пәтерді бірнеше жыл бойы жалға беріп келген Гүлзира Рамазан. Оның өз есебі бар. 3 бөлмелі үйді анасының атына жаздырғысы келеді. Аязда далада қалған кіп-кішкентай мына балаларды мұнда кіргізбей қойғанына бірнеше күн болыпты.Үйде осы мектепке баратын 6 оқушының кітап-дәптері де қалып қойған. Бүсқа дүние-мүлкі де шашылып жатыр. Балалардың әкесі 3 жыл бұрын қайтыс болып, баспанасы апатты болған соң осы үйді жалға аған екен. Әкімдік ол бос тұрған соң ешкімге ақы төлемеңдер депті. Содан бері Гүлзира көпбалалы отбасын қуып әлек.

Амантай Шәйхан, балалардың туысы:

-Құлып қойған. Екі кілт бергенбізБұл құлыпты лақтырып жіберген де, өзінің замогын салып тастаған.

Қала әкімдігінің заңгері, учаске инспекторы келіп есікті ашқызғанымен жағдай  қуантарлық емес. Гүлзира Рамазан үйдегі жылу батареяларын алып тастапты. Мұны көріп, балалардың анасы не істерін білмей қалды.

Мәуленгүл Тарбақ, көпбалалы ана:

-Мен жоқта бір күн батаға кеткенде пайдаланып батареяны алып тастаған. Екіге бөлінеміз ағаларымыздың үйіне ме, уақытша. Енді білмеймін 7 баламен мүмкін емес.

Гүлзира Рамазан, Нұрлыкөш ауылының тұрғыны:

-Батареялар сынып қалып сосын алып тастадым.

–Балаларды шығарып жіберіп кіргізбей?

 – Жоқ,жоқ, өйткен жоқпын, маған жабылған жала!

Қыс ішінде шиеттей баламен тентіреп қалған көпбалалы ананың шақшадай басы шарадай болды. Қыстай көршісінен көргені аздай, енді жергілікті шенеуніктер бұл айғай-шудан құтылудың жолын тапқан сияқты. Екеуің де үйді босатыңдар деген ескерту әкеліпті.

Марат Шахаров, Көкшетау қалалық ТКШ бөлімінің заңгері:

-Қазіргі уақытта бұл үйде заңсыз тұрып жатқан екі отбасына да ескерту қағазын бердік. «Тұрғын үй қатынасы туралы» заң бойынша мұндай жағдайда оларға баспана берілмейді.

Баспана берілмесе де, заңды жақсы білетін заңгер жылу маусымы аяқталмайынша, кәмелетке толмаған балалары бар отбасын шырылдатып қуып шығу дұрыс еместігін тыңдағасы да келмеді.

-Айғай-шуға себеп болған бұл үйдің нақты иесі қазір Өзбекстанда. Ол мұны осыдан 7 жыл бұрын "Нұрлы көш" мемлекеттік бағдарламасы бойынша алып, келген жағына қайадан кетіп қалған. Үйді танысы Гүлзира Рамазанға тапсырыпты. Бұл ауылда 40-тан аса баспананың осындай тарихы бар. Ал бала-шағасын шұбатып, бір баспанаға зар болып жүрген отбасылар үшін бұл мәселе  шешімін таппай тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.