Алдағы мереке күні ауа райы жаймашуақ болмайды
Синоптиктер Батыс Сібірге жылдам ығысып бара жатқан циклон жауын-шашынын ала келмек.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
05.03.2018
Наурыздың жетісі мен сегізі күндері, әсіресе, солтүстік өңірлерде қар түсіп, бұрқасындатады. Әрі жер көктайғақ болады. Ал, желдің жылдамдығы секундына 25-30 метрге дейін жетпек. Оңтүстікте бұл күндері жауын-шашын күтілуде. Тіпті, қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Мұнда да желдің екпіні күшті болады. Толассыз жауған жаңбырдың салдарынан Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында су деңгейінің көтерілуі мүмкін. Осылай болжаған синоптиктер бірден еліміздің 9 облысында дауылды ескерту жариялаған. Ұлыстың ұлы күнінде де ауа райының мамыражай болуы екіталай дейді мамандар. Сәуірге дейін қыстың ызғары қайтпауы мүмкін екен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!