{metadescription}
Қарағандыда ауруханаға түскен сәби бір айдан кейін сал боп шықты
Қарағандыда ауруханаға түскен сәби бір айдан кейін сал боп шықты

Қарағандыда ауруханаға түскен сәби бір айдан кейін сал боп шықты

Ата-анасы ауырған балаға дәрігерлер салғырт қарағанына сенімді. Өйткені ақ халаттылар өзін жайсыз сезінген науқасты бір апта бойы ауруханада қараусыз қалдырыпты. Салдарынан, аяқ қолы тартылып, көз жанарынан да айрылған. Оңалту орталығына жолдама берілмей, жас отбасы жаны қиналған баламен өздері алысып жатыр. Ал дәрігерлер, тиісті емді жасадық, жатырда кесел жұқтырған бала енді адам болмайды деп маңайлатпай отыр. 

Осыдан жарты жыл бұрын кішкене Нұрым тойған қозыдай домаланған бала болатын. Туылғанда оған гипоксия яғни бас миына оттегі жетіспейді деген диагноз қойған екен. Дегенмен қажетті дәрілерді қабылдағаннан кейін, дертінен сауығыпты. Нәрестеге тиісті екпесін де қабылдаған. Бес айында еңбектеп, бірге толмай тәй-тәй басады. Бірақ бір жасқа толардың алдында, мазасыздана бастапты.

Айман Аманбаева, Нұрымның анасы:

-Невропатологқа барып массаж аласыңдар деді. Біздің емханада невропотолог демалыста  болған, жиырма бірі шығады деді. Екісінен жиырма біріне дейін үйде жаттық. Бала мазаланды.  Екпелерді де салып келдік.

Алғашында ортақ палатаға жақызылған Нұрым, жаны қиналып жылай берген. Шырылдап, елдің төзімін қашырғасын дәрігерлер балаға 5 күн қатарынан ұйықтататын дәрі ішкізіпті. Есі кіресілі-шығасылы күйге түскен бүлдіршін жылаудан қалып, қинала ыңырсуға көшкен. Анасының баланы жансақтау бөліміне ауыстыру өтінішін дәрігер атаулы елемеген. Сөйтіп жүргенде, науқас екі күннен кейін тіпті нашарлайды. Сонда ғана  алып-ұшқан ақ халаттылар Нұрымды жансақтау бөліміне ала жөнеліпті.

Айман Аманбаева, Нұрымның анасы:

-Содан реанимацияға кешкі сағат 9 жарымда алып кетті. Таңертең жолдасым келді, екеуміз реанимацияға бардық. «Балаларың комада жатыр үйге қайта беріңдер»,  деді. Не істегендерін білмеймін, баланың диагнозын таба алмай жатырмыз деп, пункцияға да рұқсат алды. Сау баланы 14 күн ұстады. Шыққаннан кейін бала екі аяғы екі жаққа талтайып кеткен. Екі көзі көрмейді баланың.

Ортақ палатада бір айдан аса жатқан соң дәрігерлер ана мен баланы ақыры үйге шығарған.

-Енді, бала үйде жатқан бес айдың ішінде жас отбасы тәулік бойы көз шырымын алудан қалды. Тәнін тарамыс қып, кеудесін кескілеген кеселден бала жылағанда, ата-ана түнді таңға ұрып жүр. Тұрғылықты жердің кезекші дәрігерінен қайыр жоқ дейді олар. Нұрымның халі нашарлағанда, оны отағасының өзі іздеп жүріп табады екен.

Жергілікті педиатр мен невропотологтан қайыр болмағасын, қам көңіл ата ана науқас бүлдіршінді көтеріп балалар ауруханасына келді. Алайда дәрігерлер ем домның барлығын жасадық, бала қатерлі ауруға шалдыққан деп отыр.

Ольга Гродникова невропатолог:

-Мидың жасушаларына зақым келген. Бала жатырда инфекция жұқтырған. Салдарынан гидроцифалия ауруы да пайда болды. Бала ағзасында осы Цитомоголовирустық инфекция кез келген уақытта қозуы мүмкін. 1 жылға дейін білінбегені де сондықтан. Бұл енді созылмалы дертке айналып кетті. Бала өмір бойы мүгедек боп қалады. Бұған тек ұдай ем дом ғана көмектеседі.

Дәрігерлер Нұрымды Астанадағы оңалту орталығы бұл диагнозбен қабылдамағанын айтып ақталды. Дегенмен, Нұрымның қазіргі жайын көрген олар, баланы қайтадан осы ауруханаға жатқызатын болды. Тіпті, одан кейін Астанадағы оңалту орталығына жіберуге күш саламыз дейді. Дегенмен, дәрігерлердің ем домы мен қойған диагнозына ата-ана сенбей отыр. Сондықан олардың іс-әрекетін тексеру үшін қоғам денсаулығын қорғау департаментіне арыз түсірмекші.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.