{metadescription}
Энергетика вице-министрі мамырға дейін қамауда отыратын болды
Энергетика вице-министрі мамырға дейін қамауда отыратын болды

Энергетика вице-министрі мамырға дейін қамауда отыратын болды

Миллиард теңгеден астам бюджет ақшасын жымқырды деп  күдікке ілінген Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков 2 айға қамауға алынды. Сонымен қоса, лауазымды шенеуніктің сыбайластары да осыншама мерзім изоляторда отырмақ.

Вице-министр Сәдібеков пен Энергетика министрлігінің департамент басшысы Жан Нұрбеков және мердігер компанияның өкілдері Серікбай Жұмалинов пен Бекзат Қадырбердин қазір тергеушілерге жауап беріп жатыр. Олар актіге 3 жарым миллиард теңгенің жұмысы бітті деп өтірік қол қойған.Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның мәліметіне қарағанда, 50 жастағы вице-министр «Аймақ» деген жеке фирманың басшысы Дәурен Дуанбековпен бірігіп бюджет ақшасын жымқырған. Қолды болған қаржы танымал Щучинск-Бурабай курортындағы көлді тазарту үшін былтыр бөлінген. Сол ақшаның бір бөлігі вице-министрдің жұмыс кабинетінен табылған болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде