"7-20-25": Үйсіздердің үмітін ақтай ма? Үкімет ақшаны қайдан алмақ?
Елімізде үйсіз жүрген жандар жақында жаппай баспаналы болмақ. Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Парламенттің қос палатасын және Үкімет мүшелерін жинап, 5 маңызды әлеуметтік ұсыныс жасады. Президент ең алдымен тұрғын үй ипотекасына қатысты жаңа «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыруға тапсырды. Және жалақысы төмен жұмысшылардың табыс салығын 10 есеге азайтуға пәрмен берді. Елбасының ауқымды ұсыныстары жайлы толығырақ Парламенттің біріккен отырысына қатысып келген астаналық әріптесімнен сұрап білейік.
Автор: Жәудір Оразхан
05.03.2018
-Жаңа бағдарлама бойынша, төмен пайызбен ипотекалық несие кімдерге беріледі?
Президент тұрақты жұмыс істеп, жалақы алып отырған кез келген адамға ипотекалық несие қолжетімді болсын деп отыр. Өйткені, қазір банк арқылы екінің бірі үй ала алмайды. Қарыздың жылдық пайызы өте жоғары және бастапқыда кем дегенде баспана құнының 30 пайызын төлеу қажет. Сондықтан, қарапайым халық күні бойы Назарбаевтың бес ұсынысының ішінде дәл осы ипотекаға қатысты жаңа бағдарламаны ерекше қолдап, қызу талқылап жатыр.
Жалпы, былтыр аумағы 11 миллион шаршы метрден асатын пәтер пайдалануға беріліпті. Бірақ бұл жеткіліксіз. Елімізде жалдамалы пәтер жағалап жүрген үйсіз жас жанұялар әлдеқайда көп. Ал тұрғын үй ипотекасына қатысты «7-20-25» бағдарламасын президенттің өзі былай түсіндірді:
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
-Я предлагаю запустить программу, которую назвал "7-20-25". Каждый рабочий казахстанец будет иметь возможность получить жилищный заем в тенге на следующих условиях: ставка вознаграждения по кредиту - не более 7 процентов в год, а не 14-16, как сейчас. Если сегодня банки требуют первоначальный взнос до 30 процентов, а иногда 50 процентов, то по этой программе первоначальный взнос не должен превышать 20 процентов. Срок кредита не 10-15, а 25 лет, чтобы снизить для людей размеры ежемесячных платежей.
Мәселен, Астанадан 15 миллион теңгеге пәтер сатып алсаңыз, бастапқыда банкке 3 миллион теңге төлейсіз. Қалған қарызды 25 жылға бөліп өтейсіз. Жаңа ипотекалық бағдарлама қағаз жүзінде дайын болғанда, Ұлттық банк арнайы компания құрады және оған кем дегенде 1 триллион теңге қаржы тартуы тиіс. Әзірге шенеуніктердің мұндай ақшаны қайдан алатыны белгісіз.
-Жәудір, енді салыққа келсек. Алдағы уақытта кімдерге табыс салғы төмендейді?
Келесі жылдың қаңтарынан бастап белгілі бір топтағы азаматтардың мемлекетке төлейтін салығы он есеге төмендейді. Үкімет осы арқылы табысы аз адамдардың еңбекақысын көтерсін деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Для поддержки казахстанцев, получающих относительно низкую зарплату, с 1 января 2019 года предлагаю снизить налоговую нагрузку в десять раз и облагать их налогом в размере 1 процента. Необходимо, чтобы высвобождаемые средства от такого снижения были направлены на увеличение оплаты их труда. В результате у не менее одной трети наемных работников страны - это более двух миллионов человек - вырастет заработная плата без увеличения нагрузки на работодателей.
Яғни, 60 мың теңгеден төмен жалақы алатындарға жеңілдік жасалады. Сондай-ақ, Астанаға Қызылордадан газ тартылатын болды. Бүгінге дейін Елорданы көгілдір отынмен қамту үшін қыруар қаржы қажет. Ол бюджетке қымбатқа түседі деп келген Энергетика министрінде басқа амал жоқ. Президенттің пәрменінен кейін Қанат Бозымбаевқа шетелдік банктерден қарыз алса да, ақша тауып, газ құбырының құрылысына кірісуі тиіс.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Мен Қызылорда облысындағы Қараөзек деген жерден Жезқазған, Қарағанды, Теміртау Астанаға магистральды газ құбырын тарту керек деп отырмын. Сонда 2 миллион 700 мың адамды газбен қамтуға мүмкіндік беріп қана қоймай, арқаның экологиялық жағдайын жақсартуға ықпал ететін болады. Батыстағы газды біз қазір Оңтүстік арқылы Шымкент, Алматыға алып келдік тұңғыш рет. Сондықтан бұл мәселені шешетін болсақ, Астананың өзінде зиянды қалдықтарды 6 есеге немесе 35 мың тоннаға азяды.
Елбасының бұл ұсынысын министрлер мен депутаттар қол соғып қабылдады. Әсіресе, Бас бармағымен бәрі керемет деп, Бозымбаев мәз. Ал Астанаға тартылатын магистральді газ құбырының алғашқы кезеңінің құны 266 миллиард теңге екен. Елордаға көгілдір отын кіргізуге екі жыл уақыт кетеді.
Студенттер үшін де сүйінші хабар бар. Президент биылғы түлектерге қосымша 20 мың мемлекеттік білім грантын бөлді. Және 2022 жылы жатақхана мәселесі толқы шешіледі. Үкіметке бес жылда 75 мың орындық студенттер үйін салуды тапсырды.
Ал ауыл-аймақтағы кәсіпкерлердің қатарын көбейту мақсатында микрокредит беретін мекемелерге мемлекет қосымша 20 миллиард теңге аударады. Бұл қаржы жеке іс ашамын дегендерге таратылады. Енді Үкімет Президенттің осы ұсыныстарын іске асырудың нақты әдісін әзірлейді. Бюджет шығындарын қайта санауға тура келеді. Парламент қажетті құжаттарға өзгеріс енгізеді және бес бастамаманы да заңмен бекітуі тиіс.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!