Головикннің қарсыласының қанынан тыйым салынған препарат табылды
Кәсіпқой боксшы Сауль «Канело» Альварестің қанынан тыйым салынған препарат табылды. Бұл ақпаратты мексикалық боксшының промоутерлік компаниясы да растап отыр. Айта кетейік, 5 мамырда Канело шойын жұдырық отандасымыз Геннадий Головкинмен екінші жекпе-жегін өткізуі тиіс.
06.03.2018
«Канелоның» допинг сынамасынан кленБутерОл табылған. Бұл препарат адамға бұлшықетті өсіріп, майды жоюға көмектеседі. Промоутерлік компаниясы Альварестің VADA допинг-сынамасын алты рет тапсырып, ешқашан ереже бұзбағанын мәлімдеді. Алдағы уақытта Головкиннің қарсыласы жаттығатын жерді АҚШ-қа ауыстырып, бәсекеге дейін қажетті допинг-сынамалардың барлығын тапсыруға дайын екенін жеткізді. Төрткүл әлем күтіп отырған қос боксшының кездесуі допинг дауына байланысты кейінге шегірледі ме, жоқ па ол жағы әзірге белгісіз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!