{metadescription}
"7-20-25": Үкімет арзан несиені қалай таратпақ?
"7-20-25": Үкімет арзан несиені қалай таратпақ?

"7-20-25": Үкімет арзан несиені қалай таратпақ?

Назарбаевтың  бес әлеуметтік ұсынысы бойынша арнайы Жол картасы әзірленетін болды. Оны жасақтау үшін Үкімет мүшелеріне бір апта уақыт берілді. Президент пәрмені қалай жүзеге асатыны соның ішінде тәптіштеп түсіндірілуі тиіс. Министрлер бүгін Үкімет отырысынан осындай салмақты тапсырма арқалап қайтты. Енді тұрғын үй нарығын не өзгерістер күтіп тұр? Баға арзандай ма? Осы сұрақтар бойынша сөйлеу үшін тілшіміз Ербол Тұрымбет Астанадан эфирімізге қосылып тұр.

Министрлер Елбасының тапсырмасын орындауға дайын ба екен?

Иә, Үкімет мүшелері тапсырманы орындауға шұғыл кірісіп кетті. Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев таң атпастан нөкерлерін  жинап алып, кімнің не істеу  керектігін әрқайсысына жіктеп-жіктеп бөліп берді. «7-20-25» бағдарламасы бойынша негізгі салмақ Жеңіс Қасымбектің мойнына түсейін деп тұр. Жаңа бағдарламаны тұрғын үй нарығына енгізуге сол басқаратын Инвестициялар және даму министрлігі жауапты.

Ал Ұлттық Банк бір триллион теңге қоры бар арнайы компания құруы керек. Сол қаржы ұйымы коммерциялық банктерге ақша беріп,олар өз кезегінде жұртқа арзан несие беруі тиіс. Үкімет басшысы ауқымды бағдарламаны атқаруға көмектесу үшін ұлттық экономика және қаржы министрліктері мен «Бәйтерек» холдингін де қосақтап қойды. Бақытжан Сағынтаев Елбасы тапсырмасының аса зор жауапкершілік жүктейтінін білдірді.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

-Қашанда халқының жан дүниесіне терең бойлап, елінің жүрегіндегі арманын тамырын тапқандай дөп басатын Елбасының бастамаларын мүлтіксіз жүзеге асырып, тиянақты орындау бәрімізге сын. Сондықтан да біз барлық күш-жігерімізді жұмылдырып, Елбасы жүктеген ел күткен мүддеден шыға білуге тиіспіз.
 

Ал министрліктің қандай жоспарлары бар екен?

Олар әзірге нақты ештеңе айта алмайды. Ал атқарылар іс өте ауқымды. Сондықтан министр Қасымбектің сынға түсер сәті таяп келеді. Өйткені, ипотекалық үйден бөлек, ендігі төрт жылда студенттерге арналған 25 мың орындық жатақхана салынуы керек. Мәселен, жатақханаға деген сұраныс жыл сайын артып келеді.

Оның үстіне, Президент екі жылдың ішінде студенттерге тағы 20 мың грант бөлуді тапсырды. Назарбаев атап өткендей, бұл алдағы жылдары өсе түсетін сұранысты ескергеннің өзінде жатақхана тапшылығын біржола жоймақ. Ал жаңа тұрғын үй бағдарламасы баспанаға мұқтаж жандардың қыруар кезегін жоюы тиіс.

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

-Біріншіден, ипотекалық ниесиелеуді дамытуға, құрылыс нарығын жандандыруға және құрылыс материалдары өндірісін арттыруға мүмкіндік береді. Әрине ең бастысы, халықтың баспанаға қол жеткізу мүмкіндігі артады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде