Алматыда гүл сататын орындар саны мыңға жуықтады
Саудагерлер бүгіннен бастап көше бойын жағалай өз орындарын бекітіп, тауарларын әзірлеп әлек.
06.03.2018
Арнайы дүңгіршектерді қоспағанда әкімшілік биыл 800 жерде гүл сатуға рұқсат беріпті. Қала қызыл-сары түске боялғанымен сатып алушылар қатары әлі аз. Бірақ оған қайғырып отырған ешкім жоқ. Саудагерлер ертеңнен бастап алдыларында ұзын -сонар кезектің пайда болатынына сенімді. Сол кезде гүлдің бағасы да аспандап шыға келеді. Қазір 300-400 деп тұрған жергілікті қызғалдақ пен сарғалдақ ертең 500-600-теңгеге өссе, голландиялық раушангүдер 800-1000- теңгеден басталады. Дәл сегізі күні бұл баға тіптен шарықтайтыны анық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!